«Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» КММ «Қарғалы»шағынауданы, Кенесары көшесі мекенжайында орналасқан «Хан тәңірі» тұрғын үй кешенінің №№ 54/1, 54/2, 54/3 корпус 2, 54/4, 54/5, 54/6, 54/7, 54/8 корпус 2, 54/9, 54/10, 54/11, 54/12, 54/13, 54/14 корпус 1, 54/14 корпус 2, 54/15, 54/16, 54/17, 54/18, 54/19 корпус 1, 54/20, 54/21, 54/22, 54/23, 54/24 корпус 1, 54/25, 54/26, 54/27, 54/28, 54/29, 54/30, 54/31, 54/32, 54/33, 54/34 корпус 1, 54/35, 54/36 корпус 1, 54/37, 54/38, 54/39, 54/40, 54/41, 54/42, 54/43, 54/44, барлығы 44 көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды (қабаттылығы – 9-дан 11 қабатқа дейін, пәтерлер саны – 1789, жалпы ауданы – 183177,4 м², оның ішінде тұрғын ауданы – 109483 м², тұрғын емес ауданы – 68990,1 м².).
Конкурс Тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурс тұрғын үй инспекциясының шешімі негізінде пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері басқару нысанын немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісін таңдау жөнінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда (немесе меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасымен ресімделген өтініші негізінде) өткізіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдағанға дейін кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын уақытша басқарушы компанияны айқындау.
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін және төмендегі құжаттарды ұсынған басқарушы компаниялар жіберіледі:
Өтінімдер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдайтын мекенжай: «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» КММ, Достық даңғылы, 85, 509 кабинет.
Жұмыс тәртібі: сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін)
Байланыс телефоны: +7(727) 2251431, +7776 211 11 03
Электрондық пошта мекенжайы: zhil.inspektciya@mail.ru
Конкурстық комиссия ұсынылған өтінімдерді оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін және кондоминиум объектілерін басқару саласында ең көп жұмыс тәжірибесі бар басқарушы компания конкурс жеңімпазы болып танылады.
Тұрғын үй инспекциясы тарапынан конкурс жеңімпазымен Тұрғын үй инспекциясы және уақытша басқарушы компания арасындағы Үлгілік шарт жасасады.
Уақытша басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдағанға дейін кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асырады.
Конкурсқа өтінімдердің түспеуіне немесе конкурс жеңімпазының шарт жасасудан жалтаруына байланысты конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, уақытша басқарушы компания Тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша мына байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады:
Телефон: +7(727) 2251431, +7776 211 11 03.
E-mail: zhil.inspektciya@mail.ru.
Мекенжайы: Достық даңғылы, 85, Тұрғын үй инспекциясы бөлімі, 509 кабинет.