GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды салу
09 сентября 2026
Алматыда қала инфрақұрылымын, әлеуметтік саланы және мәдениетті дамытуға бағытталған бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр.

Негізгі нысандар қатарында жаңартылған Н. Сац атындағы Балалао мен жасөспірімдер театры, 45 мың орындық стадион құрылысы, «Медеу» БТСК жаңғырту, полиорталықтарды дамыту, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау нысандарын жаңарту бар.

Жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды салу
20 августа 2026
Алматыда 210 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж қала тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.

«Алтынай» тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үйді бөлудің екінші кезеңі аясында тамыз айының соңына дейін 210 отбасы баспаналы болады.

Сонымен қатар Жас Қанат және Қалқаман шағынаудандарында 29 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде оның 17-сінің құрылысы аяқталды: 7 үй Қалқаман-2 шағынауданында, 10 үй Жас Қанатта орналасқан. Бұл үйлерде жалпы ауданы 74 467 шаршы метр болатын 1 366 пәтер бар. Қазір техникалық паспорттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жас Қанат шағынауданындағы қалған 12 үйде 880 пәтер қарастырылған. Олардың жалпы ауданы – 40 237 шаршы метр. Құрылысты 2027 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамту үшін дайын пәтерлерді сатып алу бағдарламасы жалғасуда. Бағдарлама аясында барлығы 6 353 пәтер сатып алу көзделген.

Жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды салу
18 августа 2026
«Медеу» мұз айдынының салқындату жүйесі түбегейлі жаңартылады

Алматыда «Медеу» биік таулы спорт кешенін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл – кешеннің соңғы онжылдықтардағы ең ірі техникалық жаңаруы.

Жоба аясында 10,5 мың шаршы метр мұз айдынының технологиялық плитасы мен салқындату жүйесі толық жаңартылады. Жаңа жабдық ауа температурасы +15 °C-қа дейін көтерілгенде де мұз сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар технологиялық процестер автоматтандырылып, жылыту жүйесі табиғи газға көшіріледі. Нәтижесінде энергия тұтыну 25–30%-ға азаяды.

Жаңғырту барысында «Медеудің» тарихи сәулеттік келбеті толық сақталады. Спорттық инфрақұрылым да жаңартылып, төрешілер бөлмесі, допинг-бақылау аймағы және сегіз жаңа киім ауыстыру орны жасалады.

Жаңартылған қонақүй бір мезетте 140 спортшыны қабылдай алады.

Жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды салу
14 августа 2026
Алматыда жаңа мектептер мен балабақшалар салынуда

Алматыда жаңа мектептер мен балабақшалардың құрылысы, сондай-ақ қолданыстағы білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Биыл қалада 1 930 оқушыға арналған бес жаңа мектеп пен 800 орындық үш балабақша салынуда. Сонымен қатар №16, №112 және №170 мектептерге жапсаржайлар бой көтеріп, қосымша 900 оқушы орны ашылады.

Жыл басынан бері Алматыда жеті білім беру нысаны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 15 нысанды аяқтау жоспарланған. Оның ішінде екі мектеп, үш жапсаржай, тоғыз мектепті реконструкциялау және сейсмикалық күшейту, сондай-ақ Тілендиев көшесіндегі балабақша бар.

Бұдан бөлек, Алғабас шағынауданында колледж, Саялы және Жас-Қанатта Оқушылардың шығармашылық орталықтары салынуда.

2027 жылдың соңына дейін Алматыдағы 31 мектепті жаңғырту жоспарланған.

Жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды салу
12 августа 2026
Алматы қаласы Құрылыс басқармасының бас маманы Ануар Абылхамитов «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталды

Алматы қаласы Құрылыс басқармасының бас маманы Ануар Абылхамитов кәсіби мереке – Құрылысшылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың бұйрығымен құрылыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталды.

Ануар Абылхамитов құрылыс саласында 20 жылға жуық еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде Алматыдағы көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың іске асуына үлес қосты.

Әріптесімізді жоғары марапатымен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасына амандық және еңбегіне толағай табыс тілейміз!

Жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды салу
10 августа 2026
Алматыда жаңа халықаралық деңгейдегі футбол стадионының құрылысы қарқынды жүруде

Құлжа және Талғар тасжолдары бойында 45 мың көрерменге арналған заманауи футбол стадионы салынады. Жоба аумағы шамамен 32 гектарды құрайды. Қазір нысан аумағында құрылыс жұмыстары басталды.

Стадион УЕФА-ның 4-санаты талаптарына сай болады. Жобада жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және аумақты абаттандыру қарастырылған.

Сонымен қатар көрермендердің стадионға қолайлы жетуі үшін көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды салу
07 августа 2026
Алматыда 10 медициналық нысан жаңаруда

Алматыда денсаулық сақтау саласында 10 медициналық нысанның құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Қарағайлы, Шұғыла, Айтеке би, Алтай-1 және Ақжар шағынаудандарында жаңа емханалар мен амбулаториялар салынуда. Қалалық ауруханалар мен перзентханаларды жаңғырту жұмыстары да жалғасуда.

Онкологиялық орталығы бар көпбейінді аурухана, Балалар қалалық оңалту орталығы және Балалар жұқпалы аурулар ауруханасын реконструкциялау жобалары мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды.

Брифинг барысында спорт және мәдениет салаларындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы да таныстырылды.

Жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды салу
05 августа 2026
Жыл соңына дейін Алматыда 30 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі

Алматыда биыл 64 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 30-ын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Тағы 64 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Бұл туралы Құрылысшылар күні қарсаңында өткен брифингте Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Биыл Жас-Қанат және Қалқаман шағынаудандарындағы 29 тұрғын үйдің 17-сінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін 6 353 дайын пәтер сатып алу жоспарланған.

Қалада 31 мектепті жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде 3 725 оқушыға арналған алты жаңа мектеп салынып, жеті мектеп жаңғыртылуда. Саялы мен Жас-Қанатта шығармашылық орталықтары, Зерделіде 550 орындық мектеп, №16 мектепке қосымша корпус және екі балабақша салынуда.

Жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды салу
04 августа 2026
Алматыда азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Алматыда Мемлекет басшысының азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жаңа тұрғын үй салу және оны қала тұрғындарына беру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтерлердің кілтін табыстаудың екінші кезеңіне қатысты.

Шілде айында алғашқы кезең аясында 885 отбасы жаңа баспананың кілтін алды. Екінші кезеңде 1 832 пәтерді табыстау көзделген, оның ішінде 946 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды.

Осылайша, алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша шамамен 2 700 алматылық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады.

Тұрғын үйді бөлу кезінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға, оның ішінде жетім балаларға, мүгедектігі бар азаматтарға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріледі.

Ағымдағы жылы Алматы қаласының Құрылыс басқармасы тұрғын үй құрылысы саласындағы жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Жас Қанат және Қалқаман шағын аудандарында 29 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 17 үйдің құрылысы аяқталды. Оның 7-еуі Қалқаман-2 шағын ауданында, 10-ы Жас Қанат шағын ауданында орналасқан. Аталған үйлерде жалпы ауданы 74 467 шаршы метр болатын 1 366 пәтер бар.

Қазіргі уақытта аяқталған тұрғын үйлерге техникалық паспорттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Алматыда жаңа тұрғын үй салу және қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

15 июля 2026
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын қайта жаңғырту және қосалқы нысанның құрылыс барысымен танысты

Шаһардың маңызды мәдени нысандарының біріндегі құрылыс жұмыстары аяқталып келеді. Ғимараттың көтергіш құрылымдары күшейтіліп, шатыры, қасбеті мен инженерлік желілері жаңартылды. Сондай-ақ, заманауи театр жабдықтары орнатылды.

Жаңғырту барысында ғимараттың тарихи келбетін сақтауға баса назар аударылды. Мозаикалар және басқа да көркемдік элементтер архивтік материалдар негізінде және олардың авторларының қатысуымен қалпына келтірілді.

Театрдың жаңа корпусы да бой көтерді. Онда қосымша көрермен залы, грим бөлмелері, шеберханалар мен декорация сақтауға арналған орындар болады. Іргелес аумақ қала тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналады.

Бұл жұмысты жаз соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жаңартылған театр күзде жаңа маусымын ашады.

Жұмыс сапары аясында Дархан Сатыбалды Райымбек батыр мемориалдық кешеніне де барды. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазір ішкі әрлеу, аумақты көріктендіру және музей экспозициясын жасақтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы