Жыл сайынғы шағын футбол турниріне құрылыс компанияларынан, қала әкімдігінің басқармалары мен Алматы қаласының аудан әкімдіктерінен 14 команда қатысты. Мегаполисте өтетін турнир қазірдің өзінде дәстүрге айналған.
Спорттық шараны ашқан Алматы қаласы Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмас Шабдарбаев қатысушылар мен жанкүйерлерді құттықтап, Құрылысшыны күнімен құттықтап, мықтыларға әділ күрес пен жеңіс тіледі. Басқарма басшысы еңбек ұжымдарының басын қосып, өзін көрсетуге мүмкіндік беретін мұндай байқауларды өткізудің маңыздылығына да тоқталды.
Әуесқой футболшылар жекпе-жекке ерекше жігер мен толқумен қосылып, әрқайсысы өз компаниясы мен басшылығының намысын қорғауға тырысты.
Турнир шынымен де қызықты әрі тартысты өтті, көптеген жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлады.
Нәтижесінде финалға екі мықты команда шықты – Құрылыс басқармасы мен Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасы. Шешуші кездесуден кейін көшбасшы анықталды. Турнир жеңімпаздары болып Құрылыс басқармасының ойыншылары танылды. Үшінші орынды «АгроСпецСтрой» ЖШС құрылыс компаниясының командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ ерекше көзге түскен спортшылар мен қақпашылар кубоктар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.