Құрылыс басқармасы 2022 жылы 7 айда атқарған жұмысы туралы хабардар етеді.
Басқарма, Алматы қаласының мұқтаждықтары үшін әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салу/қайта жаңғырту/және сейсмикалық күшейту жөніндегі әкімші (Тапсырыс беруші) болып табылады, бұл мемлекеттік мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, әлеуметтік тұрғын үйлер, сондай - ақ азаматтық мақсаттағы нысандар.
Алматы қаласының бекітілген бюджетіне сәйкес басқармаға 137 620,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен (трансферттер) - 22 581,4 млн. теңге;
- ҚР Үкіметінің резервінен - 1 786,5 млн. теңге.
– жергілікті бюджеттен - 113 252,8 млн. теңге бөлінді.
Жоспар бойынша 7 айда 54 746,4 млн. теңге қаражат игерулі тиіс, оның 99,2 % пайызы (54 315,4 млн. теңге) игерілді.
Ақпараттық баяндама 5 негізгі бағытқа бөлінген
Біріншісі-тұрғын үй құрылысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын-үй құрылысының қарқынын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2022 жылға 16 тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылған, бұл 1305 пәтер немесе 68 мың шаршы метр несиелік және жалға берілетін пәтерлер. Сондай-ақ, жұмыс істейтін жастарға арналған 42 мың шаршы метр құрайтын 1050 пәтер сатып алуға қаржы қарастырылған. Аталған бағытта жұмыс жоспар бойынша жүргізілуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін республикалық бюджет қаражатынан 150 көппәтерлі тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда.
Нәтижесінде 7 912 пәтер салынады, оның жарты бөлігі (50%) Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдікпен іске асырылды.
Тұрғын үй секторының құрылысымен бірге білім беру және денсаулық сақтау, яғни әлеуметтік нысандардың дамыу кешенді түрде жүргізілуде. Құрылыс салушылар өз учаскелерінде мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелерді көздейді.
Екінші бағыт – білім беру жүйесін дамыту
Жаңа орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын іске қосу бойынша бекітілген бағдарламалар мен тапсырмалар шеңберінде құрылыс басқармасы 25 білім беру нысанының құрылысын жүргізуде, оның ішінде:
- 7 500 орындық 5 мектеп (Қалқаман-2, Қайрат, Дархан, Мәдениет, Нұркент) ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады;
- 670 орындық 3 жапсаржай (№48, 191, №9) ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.;
- 920 орындық 4 балабақша (Жас Қанат, Саялы – 2, Айнабұлақ-4, Ақжар);
- 1 350 орындық 2 инновациялық шығармашылық орталығы (Ақжар және Нұркент ш.а., аяқталуы 2023 жылдың 2 тоқсаны) ;
– 8 мектептің сейсмотұрақтылығын күшейту жүргізілуде (№ 166, №129, №145, №15, №122, Білім-Инновация, №141, №131)
-3 бөбекжайды сейсмикалық күшейту (№7, №113, №70).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы келесі нысандардың құрылысын бастау жоспарлануда:
- 1 100 орындық 2 мектеп (Саялы-2 және Зерделі);
- 5 қосымша құрылыс (№№65, 101, 112, 148 және 59);
- 580 орындық 2 балабақша (Жас қанат және Шұғыла);
- 6 мектепті сейсмикалық күшейтуден өткізу (№9, 10, 70, 80, 127 және 156).
Тамыз айында 1800 орындық мектептің және 300 орындық жапсаржайдың құрылысы аяқталды.
Ағымдағы жылы Зерделі шағын ауданда 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіби техникалық мектептің құрылысы басталады.
Сонымен қатар, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжіне 450 орындық қосымша жапсаржай салуға жоба әзірленуде.
Сондай-ақ, жатақханаларда төсек-орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 600 орындық 2 жатақхана құрылысына жоба әзірленуде (Алматы автомеханикалық колледжі және Алатау ауданындағы индустриялық аймақта орналасқан жатақханасы бар инновациялық технологиялар колледжі).
Аталған нысандардың құрылысы 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
Үшінші бағыт - әлеуметтік Денсаулық сақтау объектілері
Денсаулық сақтауға ерекше көңіл бөлінеді, заманауи медициналық-технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, халыққа дәрігерлік көмек көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Осы мақсатта денсаулық сақтау саласы бойынша 4 нысанның құрылысы және сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Олар - балалар шұғыл медициналық орталығы үшін қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусын салу, қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету шеңберінде Кемел және Мамыр шағын аудандарында 200 орын қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда.
Сонымен қатар «Нұршашқан", "Қарасу", "Саялы" шағын аудандарында және Айбасов көшесінде орналасқан отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар құрылысы биыл басталады.
Тамыз айында Айнабұлақ ш.а. № 11 қалалық емхана ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы қуаты 80 мың пациентті қабылдайтын № 7 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлмесі пайдаланымға берілді.
Төртінші бығыт - спортты дамыту.
Қала балалары мен жастарын қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету, халықты салауатты өмір салтына тарту, ұлттың денсаулығын сақтау және арттыру мақсатында Жас-қанат, Алатау және Зерделі ш.а. 3 дене шынықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Бесінші бағыт - қоғамдық әлеуметтік объектілер
2022 жылғы 4-6 қаңтарда орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты Алматы қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қала аумағында төтенше жағдай жарияланды.
Жаппай тәртіпсіздік, тонау, өрт салдарынан Алматы қаласында 5 мемлекеттік органның ғимараты зардап шекті. Оның ішінде 2 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды.
3 нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда Әкімдік ғимараты бойынша мердігер ұйымдар, "Атрикс-Строй" ЖШС, "Ер-Ай Констракшн" ЖШС, "Sheberbuild" ЖШС, "Хаят Констракшн" ЖШС және "Тау Девелопмент" ЖШС-нан тұратын компаниялар тобы демонтаждау жұмыстарын аяқтап жатыр, қалпына келтіру жұмыстарын қатар жүргізілуде. Жұмыстар келесі жылдың көктемінде аяқталады.
"Қазақстан" медиа орталығының ғимараты өрт салдарынан толықтай жарамсыз болғандықтан, оны қалпына келтіру орынсыз деп танылды. Ғимарат 1957 жылы салынған, 65 жыл бойы күрделі жөндеусіз пайдаланылған.
Бұл жерде барлық заманауи талаптарға сай келетін 2000 шаршы метр аумақты ұлғайта отырып, жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта эскиздік жоба әзірленіп, тиісті органдармен келісілді. Мердігерлік ұйыммен ескі құрылыстарды бұзу бойынша жұмыстар 100% аяқталды. Сонымен қатар, шұңқырды орнату бойынша жер жұмыстары басталды. Құрылысты 2023 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.
Бас прокуратура мен құқықтық статистика өкілдігінің ғимаратын қалпына келтіруге қала бюджетінен 358,3 млн.теңге бөлінді. Жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қоса, Басқармамен жоспар аясында 77 жоба-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Олар, білім жүйесі бойынша – 36 жоба, денсаулық сақтау бойынша – 16 жоба, тұрғын-үй бағытында – 3 жоба және әр түрлі бағыттарға көзделген – 21 жобаның құжаттары дайындалуда. Жобалар бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстары басталады.
Әлеуметтік қызметтердің сапасы Алматы-2050 Стратегиясының маңызды басымдығы болып табылады. Алматы баршаға бірдей мүмкіндіктері бар инклюзивті, адаморталық қалаға айналуына Басқармамен тиісті шаралар жүргізілуде.