«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
- Жалпы ережелер
- «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласының аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Басқарма құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
- Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
- Басқармаға қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
- Мақсаттары:
жайлы және қауіпсіз әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымдарды салу;
қайта құру және сейсмикалық нығайту арқылы әлеуметтік объектілердің қауіпсіздігін арттыру;
сапа және жайлылық, құрылыс технологияларымен қоғамдық кеңістікті абаттандырудың жаңа стандарттарын енгізу;
әлеуметтік, инженерлік объектілермен және көлік инфрақұрылымдарымен қамтамасыз ете отырып, қалалық аумақтың және шағын аудандардың ұтымды тұрғын үй құрылысын салу;
отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын жағдайлар қалыптастыру, жаңа құрылыста инвестицияларды тиімді пайдалану.
- Функциялары:
- мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын әлеуметтік және тұрғын үй-азаматтық объектілердің аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- құрылыс саласындағы Алматы қаласы әкімдігінің іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу және олардың іске асырылу барысын бақылау;
- инженерлік ізденістер, жобалау, құрылыс салу, қайта жаңарту, қалпына келтіру, жаңғырту, объектілерді, кешендерді және инженерлік инфрақұрылымды күрделі жөндеу және көріктендіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, қолайсыздықтарды азайту және мүдделері қозғалған барлық тараптардың мүдделерін құрметтеу қағидаттарын сақтай отырып, тұрғын үй-азаматтық, өнеркәсіптік, өндірістік мақсаттағы объектілерді және өзге де құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жұмыстарын ұйымдастыру;
- құрылыстағы ғылымды қажет ететін өндірістер мен инновациялық технологияларды қолдану;
- мемлекеттік тұрғын үй саясатын, сондай-ақ өз құзыретінің шеңберінде тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру барысына қатысу;
- мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдіктеріне берілетін сыртқы қарыздар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға және салуға арналған мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;
- инвестициялық бағдарламаларды және жобаларды, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу;
- өз құзыретінің шегінде құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша құрылыс ұйымдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
- өз құзыретінің шегінде құрылыс индустриясының құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
- мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салу, реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту, күрделі жөндеу және абаттандыру, тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
- құрылыс саласындағы әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктермен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта болу;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
- гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі мәселелерді қарастыруға қатысу;
- оған оралымды басқаруға берілген коммуналдық мүлікке иелік ету және пайдалану (басқарусыз) құқығын жүзеге асыру;
- құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы тұрғындарды және мүдделі тараптарды алдын ала (3 күннен кем емес) ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
- ағымдағы жағдайды мониторингілеу бойынша тұрғындармен, бизнес кәсіпорындарымен, басқа да мүдделі тұлғалармен оперативтік кері байланысты, сондай-ақ ұялы телефондар және мессенджерлерді қоса алғанда, барлық қолжетімді байланыс құралдары арқылы құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу сапасын қамтамасыз ету;
- жайлы қалалық ортаны қалыптастыруда тәжірибе алмасу, үздік әлемдік тәжірибені енгізу үшін жобалау және құрылыс ұйымдарымен бірге өзара іс-қимыл жасауға қатысу;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
- Өкілеттіктері:
- құқықтары:
қала аумағында құрылыс саласындағы Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары жобаларын және басқа да актілерді қарастыруға енгізу;
белгіленген тәртіпте шарттық негізде өндіріс, ғылыми-зерттеу және жобалау-құрылымдық ұйымдардың басқа да салалар мамандарын сарапшылар ретінде тарту;
құрылыс саласының мәселелері бойынша жұмыс топтарын, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, сараптамалық және өзге де кеңестер құру;
жүктелген функцияларды орындау мақсатында заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасау;
белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекемелерден, заңды және жеке тұлғалардан ақпарат сұрау және алу;
белгіленген тәртіпте азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, ұсыныстарын, шағымдарын қарауға қатысу;
өз құзыретінің шегінде жеткілікті атқарушы органның мүдделерін соттарда, өзге де мемлекеттік билік органдарында білдіру;
өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
- Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) өзінің орынбасарларының және Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;
4) заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарманың қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жазаға тартады;
6) өз өкілеттігінің шегінде бұйрықтар шығарады;
7) Басқарма құрылымын және Басқарма бөлімдері туралы ережені бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы орнында болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын алмастыратын тұлға орындайды.
- Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
- Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, Басқарма бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Басқарманың ведомстволары жоқ.