GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
04 сентября 2026
Алматы қаласында Масанчи көшесі жаңартылуда

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланы жұмыс сапарымен аралап, Масанчи көшесіндегі жұмыстардың барысымен танысты.

Масанчи көшесінде, Сәтбаевтан Абайға дейінгі учаскеде заманауи қалалық кеңістік қалыптасуда. Мұнда жартылай жаяу жүргіншілер аймағы жасалып, тротуарлар кеңейтілуде, көгалдандыру жүргізілуде, веложол және мекемелер үшін жазғы алаңдар жабдықталуда. Сондай-ақ ғимараттардың қасбеттері жаңартылуда.

 Дархан Сатыбалды жұмыстардың жоғары сапасын және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Көшедегі негізгі жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

04 сентября 2026
Алматыда сегіз көше мен Тұңғыш Президент саябағын кешенді көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр

Алматыда сегіз қала көшесі мен Тұңғыш Президент саябағын кешенді көркейту жұмыстары жалғасып келеді. Жобалар Сәтбаев, Розыбакиев, Жароков, Тимирязев, Жандосов, Масанчи көшелерінде, сондай-ақ Сейфуллин және Абай даңғылдарында жүзеге асырылып жатыр. Аумақтардың жалпы ұзындығы шамамен 34 шақырым.

Көркейту жұмыстары аумақтарды қасбеттен қасбетке дейін жаңартуды қамтиды. Атап айтқанда, тротуарлар мен жүргінші аймағын салу, көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, сыртқы жарықтандыру мен инженерлік желілерді жаңғырту, шағын сәулет нысандарын орналастыру, сондай-ақ балалар және спорт алаңын салу көзделген.

Қазіргі уақытта нысандарда жүргінші инфрақұрылымын, инженерлік желілер мен сыртқы жарықтандыру жүйесін салу және көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аясында 4 357 ағаш және 795 мыңға жуық бұта егу жоспарланған. Жасыл желекті күтіп ұстау үшін жалпы ұзындығы шамамен 1 012 шақырым болатын автоматты суару жүйесі салынады.

Сонымен қатар 60-қа жуық балалар және спорт алаңын салу, велосипед инфрақұрылымын дамыту қарастырылған. Жобалар аяқталғаннан кейін осы учаскелердегі веложолақтардың ұзындығы 10 шақырымнан астамға артып, 7,21 шақырымнан 17,77 шақырымға дейін ұлғаяды.

Қоғамдық кеңістіктерге де ерекше назар аударылып отыр. Сәтбаев көшесін көркейту аясында аумағы 6,9 гектар Республика алаңы қайта жаңғыртылды. Мұнда 277 ағаш және 32,6 мыңнан астам бұта егіліп, 550 метр веложолақ салынды.

Тимирязев көшесінде аумағы 0,37 гектар «Атакент» кешені алдындағы алаң жаңартылды. Мұнда 67 ағаш және 17,2 мыңнан астам бұта егіліп, 100 метр веложолақ салынды.

Розыбакиев көшесінде Қарасай батыр мен Жамбыл көшелерінің аралығында, сондай-ақ тағы сегіз аумақта желілік саябақтар құру көзделген.

Тұңғыш Президент саябағын көріктендіру де ірі жобалардың бірі болып қала береді. Мұнда кешенді көгалдандыру, ағаш, бұта мен гүл дақылдарын қоса алғанда, 1 млн-ға жуық жасыл желек егу, сондай-ақ үш су қоймасы бар автоматты суару жүйесін құру жоспарланған.

Экология
06 апреля 2026
«Таза Қазақстан»: Алматыда 2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек егіледі

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Алматыда көгалдандыру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.

2026 жылы шамамен 550 мың жасыл желек егу жоспарланған. Оның ішінде биіктігі 5-6 метрден асатын 7,2 мыңнан астам ірі ағаш, 500 мыңнан астам бұта және кесілген 40 мыңға жуық ағаштың орнына биіктігі 2-2,5 метр болатын көшеттер отырғызылады.

Көктемгі кезеңде 19 мыңға жуық жасыл желек егу көзделіп отыр. Оны шамамен 3,7 мың ірі көлемді ағаш және кесілген 15 мың ағаштың орнына егілетін тал бар.

Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам жасыл желек егілді, оның ішінде 2,6 мың ірі ағаш және 4 мыңға жуық көшет отырғызылған.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Садықов көшесінің бойына биіктігі 5-6 метр болатын 80 ірі көлемді ағаш егу жоспарланып отыр.

«Көгалдандыру жұмыстары климаттық ерекшелік пен қалалық ортаны дамыту басымдықтарын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Негізгі назар өсімдіктердің жерсіну деңгейін арттыруға, төзімді түрлерді таңдауға және тұрғындар үшін жайлы жасыл кеңістік қалыптастыруға бағытталған», — деді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Көжекеев.

Экология
Экология және қоршаған орта басқармасы
18 декабря 2025
Алдағы екі жылда Алматыда 38 қоғамдық кеңістік жаңартылып, жаңадан құрылады – қала әкімі  

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Оның айтуынша, полиорталықты дамумен бірге Алматы жасыл әрі орнықты мегаполиске айналады.

Бұл жұмысқа Лондон, Мәскеу, Шанхайдың және еліміздің үздік сарапшылары мен урбанистері тартылып отыр. Көріктендіру стандарттарын тиімді іске асыру мақсатында қалалық Урбанистика орталығы құрылды.

«2026-2027 жылдары 38 қоғамдық кеңістікті құру және жаңғырту жоспарланған. Олардың қатарында Тұңғыш Президент саябағы, Әуежай көлі жағалауы, Есентай, Үлкен Алматы өзендері және басқа да маңызды демалыс аймақтары бар. «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша 68 көше жаңғыртылады. Оның аясында ғимараттар жаңарып, заманауи шамдар орнатылады, тротуарлар төселіп, аумақтар көріктендіріледі», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, қала тазалығын қамтамасыз ету үшін «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының жұмысы күшейтілді. Атап айтқанда, қызметкерлер саны 600 адамнан 2 000 адамға дейін ұлғайды, еңбекақы мөлшері 170 мың теңгеден 370 мың теңгеге дейін артты, сондай-ақ 330 бірлік жаңа арнайы техника сатып алынды.

Сондай-ақ, «Жасыл Алматы» бірыңғай операторы құрылды. Оның қарамағына 400 гектардан астам жасыл аумақ кезең-кезеңімен беріліп жатыр.  Бұған қоса, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жыл басынан беріп Алматыда 9,4 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 58 мың куб метрден астам қоқыс шығарылды. Бұл жұмыс 2026 жылы да жалғасады.

24 октября 2025
Алматы әкімі қоғамдық кеңістіктердің құрылыс нысандарын аралады.
📍 Алматы әкімі қоғамдық кеңістіктердің құрылыс нысандарын аралады.
Жұмыс сапары барысында Дархан Сатыбалды бірқатар маңызды жобаның жүзеге асу барысымен танысты:
🌳 Назарбаев даңғылының батысындағы, Ганди көшесінің солтүстігіндегі сквер
🔹 Дайындық деңгейі – 97%, Республика күніне ашылмақ
🔹 Қыста мұз айдынына айналатын жасанды тоған салынды
🔹 300-ден астам ағаш отырғызылды, көгалдандыру жалғасуда
🔹 Қоршау жаңартылып, автосуару және жарықтандыру жүйелері орнатылуда
Әкім құрылыстың қарқынын арттырып, сапаны қамтамасыз етуді тапсырды. Барлық нысан қала тұрғындарының қажеттіліктеріне сай уақытында аяқталуға тиіс.
24 июля 2025
Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысының азаматтарды қабылдауы

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысының азаматтарды қабылдауы

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Сүлейменов Батырхан Айбатұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар абаттандыру және спорт инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

11 декабря 2024
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілі

   Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті өкілінің, Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілетті өкілі М. К. Ахетовтың қатысуымен: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, құмар ойындарға қарсы күрес туралы заңын, мемлекеттік қызметшілер этикасы мен еңбек тәртібін сақтау сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және т. б. түсіндіру бойынша жұмыс кездесуі өтті.  

   Кездесуге: Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар, Алматы қаласы Дін істері, Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы, Алматы қаласының Туризм, Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармаларының қызметкерлері қатысты

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы