МЕТРОПОЛИТЕНДЕ ЖОЛ ЖҮРУ ТӨЛЕМІ
Жол жүру бағасы – 80 теңге. (сары жетон)
7 - 15 жас аралығындағы балалар үшін жол жүру бағасы – 40 теңге (қызыл жетон). Міндетті түрде туу туралы куәлікті (көшірмесін) немесе оқу орнынан берілген, мекеменің мөрімен расталған суреті бар анықтаманы көрсету керек, жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған кезде ортақ билет сатылып алынады.
7 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру - тегін.
Сол сияқты кассадан 3 жылға жарамды смарт-картаны 100 теңгеге сатып ала отырып, Сіз оны жол жүрудің кез келген мөлшерімен (60-қа дейін), карта мерзімін 3 жылға соза отырып, толықтыру мүмкіндігін аласыз. Смарт-картаны кассада оператордан және жол жүру билеттерін сату және толтыру бойынша автоматтан өз бетіңізше толтыра аласыз.
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
Алматы қаласы «Метрополитен» КМК Астана қаласының уақыты бойынша 06.20 - 23.30 жұмыс істейді.
Пойыз қозғалысының жұмыс күндеріндегі кестесі:
Пойыз қозғалысының демалыс және мереке күндеріндегі кестесі: