Агломерация аймағын дамыту және қала маңы аймағының тұрғындарын қолжетімді қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында, Қалалық мобилділік басқармасы қала маңындағы 20 маршруттың сызбаларын әзірледі.
Маршруттар қозғалысының әзірленген сызбалары Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл аудандары бағытындағы қала маңындағы аймақты қамтиды.
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 18-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдаудың осы түрін ұйымдастыруға қабілетті, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автобустары, шағын автобустары бар жеке және заңды тұлғаларға қатысуды ұсынамыз.