Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

 

  1. «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ 2024 жылдың
    6 ақпанда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Республика алаңы,4 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:

 

№

маршрут нөмірі

маршрут атауы

талап етілетін жылжымалы құрам

шығу саны

автобустың түрі

1

№210

Спорт сарайы – Ой-қарағай тау курорты

5

кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

2

№211

Спорт сарайы – Алма-Арасан шипажайы

2

кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

3

№209

Спорт сарайы – Пионер тау курорты

5

кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

4

№233

«Саяхат» көлік вокзалы – Іле ауданының «Қарой» кенті

8

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

5

№236

«Төле би - Яссауи» айналмалы алаңы – Жамбыл ауданының «Карғалы» кенті

12

кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

6

№240

«Адем» сауда үйі – Іле ауданының «Батыр» кенті

10

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

7

№247

«Төле би - Яссауи» айналмалы алаңы – Жамбыл ауданының «Мыңбаев» кенті

4

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

 

  1. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi
    Алматы қаласы, Республика алаңы,4 мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылдың 22 қантарда сағат 18.00 дейін.
  4. 2024 жылдың 10 қаңтарда конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
  5. Анықтама алу үшiн телефон: 225-12-80.

 

 

Дата публикации
05 января 2024