Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

1. «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ 2023 жылдың
26 шілдеде сағат 15:00-де Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.

2. Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:

№

маршрут нөмірі

маршрут атауы

талап етілетін жылжымалы құрам

шығу саны

автобустың түрі

1

№213

БАК-Көлащы аулы

20

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

2

№230

Төле би-Саин көшелері - Қаскелен қаласы

10

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем е

3

№210

Спорт сарайы – Ой-қарағай тау курорты

5

кіші сыйымдылықтағы автобустар

4

№211

Спорт сарайы – Алма-Арасан шипажайы

2

кіші сыйымдылықтағы автобустар

5

№209

Спорт сарайы – Пионер тау курорты

5

кіші сыйымдылықтағы автобустар

6

№212

"Almaty Mall" Сауда ойын-сауық орталығы

– Шамалған колледжі

16

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

 

№223

Алматы-1 т.ж. вокзалы -Тұғанбай, Нұра кенті

5

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi
Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84, 306 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.

5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2023 жылдың 11 шілдеде сағат 18.00 дейін.

6. 2023 жылдың 28 маусымда конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

7. Анықтама алу үшiн телефон: 271-82-66.

 

Дата публикации
26 июня 2023