Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

    1. «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ 2023 жылдың
      12 маусымда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру хабарлайды.
    2. Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:

     

    №

    лота

    Маршрут нөмірі

    Маршрут атауы

    Талап етілетін жылжымалы құрам

    шығу саны

    автобустың түрі

    1

    №63

    "Арман" автобекеті – Қонаев көшесі

    28

    үлкен сыйымдылығы бар автобустар, кем дегенде екі есік

    №138

    "Адем-1" сауда орталығы – "Жетісу" базары

    10

    үлкен сыйымдылығы бар автобустар, кем дегенде екі есік

    2

    №115а

    «Өжет» базары - № 7 қалалық ауруханасы

    8

    үлкен сыйымдылығы бар автобустар, кем дегенде екі есік

    №92

    Әуежай – «Мамыр» шағын ауданы

    22

    үлкен сыйымдылығы бар автобустар, кем дегенде екі есік

    3

    №14

    «Дария» шағын ауданы – «Асыл Арман» тұрғын үй кешені

    18

    шағын сыйымдылықтағы автобустар, кем дегенде екі есік

    №35

    «Қарасу» шағын ауданы – Солтүстік – «Адем» сауда үйі

    7

    шағын сыйымдылықтағы автобустар, кем дегенде екі есік

    4

    №33

    «Саялы-2» шағын ауданы - «Альмерек» шағын ауданы

     

    18

    үлкен сыйымдылығы бар автобустар, кем дегенде екі есік

    №106

     «Альмерек» шағын ауданы –«Жетысу» шағын ауданы

     

    20

    үлкен сыйымдылығы бар автобустар, кем дегенде екі есік

    5

    №49

    «Бауыржан Момышулы» метро станциясы - Карьерная көшесі

     

    7

    шағын сыйымдылықтағы автобустар, кем дегенде екі есік

    №53

    "Мамыр-1" шағын ауданы – "Кемертоған" кенті

    11

    шағын сыйымдылықтағы автобустар, кем дегенде екі есік

    6

    №42

    Құрылыс комбинаты – Қонаев көшесі

    8

    орташа сыйымдылықтағы автобустар, кем дегенде екі есік

    1. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

     

    1. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84, 306 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
    2. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2023 жылдың 26 мамырда сағат 18.00 дейін.
    3. 2023 жылдың 12 мамырда конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
    4. Анықтама алу үшiн телефон: 271-82-66

     

Дата публикации
11 мая 2023