Хабарлама «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Хабарлама

 

«Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байсейітов к-сі, 40, офис 71.

Конкурстың өтетін күні мен орны: «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ, Алматы қ., Панфилов көшесі, 84/54 үй, 202 каб., анықтама үшін телефон: 396-88-01. Отырысты өткізу күні құжаттарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде айқындалады.

Негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы: Алматы қаласының ақылы тұрақ кеңістігін ұйымдастыру жөніндегі біріңғай саясатты іске асыру арқылы Алматы қаласының автомобиль жолдарын пайдалану.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімнің болуы;

- басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/у «Медициналық анықтама (дәрігерлік-консультациялық қорытынды)» нысанындағы анықтама ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы оқу орнының басшылығының ұсыныстары және т.б.) ұсына алады.

Көрсетілген құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап, күнтізбелік он бес күн ішінде Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасына тапсырылуы тиіс, мекен-жай: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 84/54, 202 каб., анықтама үшін телефон: 396-88-01.

Дата публикации
26 января 2023