Автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

1. «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ 2022 жылдың
20 желтоқсанда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84 мекенжайы бойынша автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.

2. Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:

Лот №

Маршрут нөмірі

Маршрут атауы

Талап етілетін жылжымалы құрам

Шығу саны

Автобустың түрі

1

№63

"Арман" автобекеті – Қонаев көшесі

28

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

2

№92

Әуежай – «Мамыр» шағын ауданы

22

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

3

№120

"Айнабулақ 4" шағын ауданы – Жетісу базары

30

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

4

№138

«Адем-1» базары - Жетісу базары

10

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

5

№35

"Қарасу" шағын ауданы – Солтүстік – «Адем» сауда үйі

6

кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

6

№52

Қырғаулды кенті - 6 қала кешені

16

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

7

№68

Есентай молл сауда үйі –Алматинская көшесі

8

кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

8

№142

СНТ Энергостроитель - "Б.Момышұлы" метро бекеті

5

кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

9

№100

«Асыл Арман» шағын ауданы – Бесағаш кенті

37

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

10

№205

«Орбита 2,4» шағын аудандары - «Жетісу» базары

25

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84, 306 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.

5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2022 жылдың 02 желтоқсанда сағат 18.00 дейін.

6. 2022 жылдың 22 қарашада конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

 

Анықтама алу үшiн телефон: 271-82-66

Дата публикации
18 ноября 2022