1. «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ 2022 жылдың
21 желтоқсанда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84 мекенжайы бойынша автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты қала маңындағы тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:
|
№ |
Маршрут нөмірі |
Маршрут атауы |
Талап етілетін жылжымалы құрам |
|
|
шығу саны |
автобустың түрі |
|||
|
1 |
№202 |
Сайран автобекеті– Қаскелен қаласы |
20 |
үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
|
2 |
№210 |
Спорт сарайы – Ой-қарағай тау курорты |
5 |
кіші сыйымдылықтағы автобустар |
|
3 |
№211 |
Спорт сарайы – Алма-Арасан шипажайы |
2 |
кіші сыйымдылықтағы автобустар |
|
4 |
№209 |
Спорт сарайы – Пионер тау курорты |
5 |
кіші сыйымдылықтағы автобустар |
|
5 |
№212 |
Гагарин – Төле би көшелері – Жандосов кенті |
20 |
үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
|
6 |
№223 |
Саяхат автобекеті -Тұғанбай, Нұра кенті |
5 |
орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi
Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84, 306 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2022 жылдың 5 желтоқсанда сағат 18.00 дейін.
6. 2022 жылдың 22 қарашада конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
7. Анықтама алу үшiн телефон: 271-82-66.