Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қала маңындағы тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

  1. «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ 2022 жылдың
    7 қыркүйекте сағат 10:00-де Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қала маңындағы тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:

 

№

Маршрут нөмірі

Маршрут атауы

Талап етілетін жылжымалы құрам

шығу саны

автобустың түре

1

№202

Сайран автобекеті– Қаскелен қаласы

17

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

2

№210

Спорт сарайы – Ой-қарағай тау курорты

5

кіші сыйымдылықтағы автобустар

3

№211

Спорт сарайы – Алма-Арасан шипажайы

2

кіші сыйымдылықтағы автобустар

4

№209

Спорт сарайы – Пионер тау курорты

5

кіші сыйымдылықтағы автобустар

5

№212

Гагарин – Төле би көшелері – Жандосов кенті

16

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

6

№227

Алматы 1 теміржол вокзалы – Чапаев кенті

15

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

7

№223

Саяхат автобекеті -Тұғанбай, Нұра кенті

5

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

 

  1. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84, 306 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2022 жылдың 24 тамызда сағат 18.00 дейін.
  4. 2022 жылдың 10 тамызда конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
  5. Анықтама алу үшiн телефон: 271-825-66.

 

Дата публикации
08 августа 2022