Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент өкілдерімен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша кездесу өткізілді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған алдын алу іс-шараларын іске асыру және тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы негізгі ережелері таныстырылды.
Басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.
Сондай-ақ, басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары түсіндірілді.