Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары
Алматы қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және реттеу мақсатында жүйеге 93 бағдаршам объектісін (1-кезең) қоса отырып, Жол қозғалысының автоматтандырылған жүйесін (ЖҚАЖ) жаңғырту, реконструкциялау және дамыту жөніндегі жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бюджет қаражаты бөлінген жағдайда 357 бағдаршам объектісін ЖҚАЖ-ға қосу арқылы 2-кезең бойынша жұмыстар 2022 жылға жоспарланған.
Анықтама: бұл жүйе бағыттар бойынша қозғалыстың нақты қарқындылығын ескере отырып, жол қиылыстарындағы жол жүрісін реттеуді, көлік қозғалысы статистикасын есептеуді, бейімдеу режимінде уақытты кері есептеу таблосының жұмысын, мамандандырылған (жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, қоғамдық көлік) көліктерді басым өткізуді қамтамасыз етеді. Екінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе қоғамдық көліктің және жедел қызметтер машиналарының абсолюттік немесе тіркелген (таңдау бойынша) басымдығын ескере отырып, көлік ағындарын өзгертуге мүмкіндік береді.
«30 бағдаршам объектілерін салу» және «70 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін салу» жобалары бойынша жұмыстар басталды. «10 бағдаршам объектілерін салу» және «70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін LED- жарығымен жабдықталған» жобаларын іске асыру. Жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі - 2022 жылдың бірінші жарты жылдығы.
Жол белгілері және жол таңбалары
3579 жол белгісі орнатылды және ауыстырылды, оның ішінде 2080 дана орнатылды, 1499 дана ауыстырылды.
147 көшеде 196,5 мың м2 көлемінде жол белгілерін салу (оның ішінде орташа жөндеу бойынша 26,6 мың м2).
Ұзындығы 1,052 км жол қоршауы орнатылды.
41,8 км жол қоршауы сырланды.