Жобалау және даму бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп

2021 жылы жобалау және даму бөлімімен 6 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды (Алматы қаласында Әшімов көшесінен бастап қала шекарасына дейін (2-учаске) Төле би көшесін ұзарту, Алматы қаласында қосымша реттеу құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін салу, Жетісу ауданының «Кемел» ықшам ауданында Қарасу өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу, Алматы қаласында Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін Әуезов көшесі жолын салу (1-учаске) және Гоголь көшесінен бастап Райымбек даңғылына дейін М. Әуезов көшесі жолын салу (2-учаске), Алматы қаласы Наурызбай ауданының «Ақжар» шағынауданында жолдар салу)

Сонымен қатар, 10 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Рысқұлов даңғылын Оңғарсынов көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту;

Қажымұқан көшесін Назарбаев даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін Алдар Көсе көшесін қайта жаңғырту мен қоса ұзарту;

Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту;

Рахат-Мәдениет, Боралдай және Шұғыла шағынаудандардағы жол құрылысы;

Түрксіб ауданы, Ержанов көшесі бойындағы теміржолдар арқылы жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы және Медеу ауданы, Рысқұлов даңғылы бойындағы «Парасат» тұрғын үй кешенінің маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы;

Әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы автомобиль көпірін қайта жаңғырту.

Алатау ауданы Теректі шағынауданындағы жолдардың құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталды.

 

 

 

Дата публикации
19 ноября 2021