Алматы қ. ҚМБ ЖИД бөлімінің 2021 жылғы қызмет нәтижелері туралы есеп

2021 жылы Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарының 8 шағын аудандарында жол салу жұмыстары жүргізілуде (Өжет, Шаңырақ-5, Самғау, Нұршашқан, Құрамыс, Әлмерек, Қайрат, Алғабас ш.а), оның ішінде ұзындығы 108 км құрайтын 415 көше бар. Осылайша, аталған шағын аудандарда қатты жабындысы бар жолдар толығымен салынатын болады.

Анықтамалық:

Өжет шағын ауданындағы жол құрылысы -11,3 км, 87 көше; (9,3 км, 65 көше)

Шаңырақ-5 шағын ауданындағы жол құрылысы – 6,6 км, 29 көше; (6,6 км, 29 көше)

Самғау шағын ауданындағы жол құрылысы – 4,6 км, 25 көше; (4,6 км, 25 көше)

Нұршашқан шағын ауданындағы жол құрылысы – 5,2 км, 25 көше; (5,2 км, 25 көше)

Құрамыс шағын ауданындағы жол құрылысы – 4,9 км, 27 көше; (4,9 км, 27 көше)

Қайрат шағын ауданындағы жол құрылысы – 28,9 км, 78 көше; (20,3 км, 60 көше)

Әлмерек шағын ауданындағы жол құрылысы – 14,6 км, 46 көше; (6,2 км, 17 көше)

Алғабас шағын ауданындағы жол құрылысы – 31,9 км, 98 көш;. (7,8 км, 26 көше)

Қазіргі уақытта ұзындығы 64,9 км құрайтын 274 көшеге асфальтбетон жабындысының төменгі қабатын орнату жұмыстары аяқталды.

Ұзындығы 2 км құрайтын Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейін Алатау көшесін ұзарту жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, ұзындығы 6,6 км құрайтын 3 көшені (Абай даңғылы, Саин көшесі, Әуезов көшесі) ұзарту, 3 көлік жолайрығының құрылысы (Рысқұлов даңғылы-Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Құлжа трактісі бар Бұқтырма көшесі) жалғасуда, ұзындығы 3,1 км құрайтын Метрополитен желісінің, «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» екі бекеттері салынуда. Метро желісінің ұзындығы 2,5 км құрайтын "Қалқаман" бекетінің құрылысы жалғасуда.

Анықтамалық:

  1. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығы бойынша қазіргі уақытта «Батыс» жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу, барлық 8 бұрылыс жолдарын орнату, Рысқұлов даңғылының жол төсемін қайта құру бойынша жұмыстар орындалды, эстакаданың барлық 152 арқалықтары орнатылды. 2021 жылы осы көлік жолайрығы бойынша эстакада және барлық бұрылыс жолдары бойынша көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.
  2. Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығы бойынша қазіргі уақытта «Шығыс» жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу, «Батыс» және «Шығыс» өтпежолдары бойынша рампалық учаскелерді орнату жұмыстары орындалды. Сондай-ақ, «Батыс» және «Солтүстік» жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері бойынша жұмыстар басталды. 2021 жылы осы көлік жолайрығы бойынша Жансүгіров көшесіне дейінгі «Шығыс» және «Батыс» өтпежолдарының тоннельдік бөлігі бойынша монолитті жұмыстарды аяқтау жоспарлануда
  3. Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы қиылысындағы көлік жолайрығы бойынша қазіргі уақытта айналма жолдарды салу, солтүстік бағыты бойынша эстакада салу және армогрунтты тірек қабырғаларын орнату бойынша жұмыстар орындалды. Сондай-ақ, ұзындығы 168 метр құрайтын оңтүстік бағыттағы эстакаданы салу жұмыстары аяқталады. 2021 жылы осы көлік жолайрығы бойынша солтүстік эстакада арқылы көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.
  4. Саин көшесін ұзарту жұмыстары бойынша 2021 жылы ұзындығы 1,6 км құрайтын жол телімінде (мемлекет мұқтажы үшін алып қоюды талап етпейтін жер телімі) жер төсемінің үймесін, негіздің төменгі қабатын, 300 м көлемінде гранит жиек тасын, 300 м көлемінде асфальтбетон жабындысын орнату бойынша жұмыстар аяқталды.
  5. Абай даңғылын ұзарту жұмыстары бойынша 2,3 км құрайтын жол төсемін орнату жұмыстар орындалды. Бұрылыс жолдарды, арық желілерін, тротуарларды орналастыру және іргелес аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Инженерлік желілерді қайта құру бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Әшімов көшесінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы бойынша 208 арқалық - 100% орнатылды.

2021 жылы Момышұлы көшесінен Абай даңғылының ұзарту жұмыстары аяқталған теліміне  дейін (Наурызбай ауданы әкімі аппаратының әкімшілік корпусы ауданында) автокөліктер үшін көлік қозғалысын ашу, Абай даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының, Қарғалы өзені арқылы өтетін автожол көпірінің және 4 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Дата публикации
19 ноября 2021