Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларынның 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласындағы субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастардың 2020-2022 жылдарға арналған тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев