Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындары) ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 906 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсанда «Алматы ақшамы» газетінде және 2011 жылғы 20 желтоқсанда «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындары) ұйымдастыру ережелері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.T. Қожағапановқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев