Алматы қаласы әкімдігінің
«Алматы қаласының жолаушыларын
әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау
тарифтерін белгілеу туралы»
2017 жылғы 29 қарашадағы № 4/492
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 4/492 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1429 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімі Б. Байбек