Басқарма туралы

«Алматы қаласы Қалалық мобилділікбасқармасы» КММ басшысының2019 жылғы«____» _______________№_______ бұйрығымен бекітілді

«Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ-нің мемлекеттік сатып алу бөлімінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік сатып алу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқарма» коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ мемлекеттік мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның актілерін, Мемлекет басшысының жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын, Алматы қаласы мәслихатының шешімдері мен қала әкімінің өкімдерін, басқа да заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді, «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені (бұдан әрі – Басқарма), сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысы бекітеді.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

4. Бөлімнің міндеттері Бақарма ережесіне сәйкес анықталады.

Функция:

1) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасау тәртібін ұйымдастыру және өткізу.

5. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау кезінде жиналыстар мен отырыстарға қатысу;

2) Басқарма басшысының, Басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасарының қарауына Бөлімнің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

3) басқа мемлекеттік бөлімшелерден, мемлекеттік органдардан міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

4) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың бөлімдерімен қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

5) Бөлім өз жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға, сондай-ақ осы Ереженің нормаларын қатаң орындауға және басшылыққа алуға міндетті.

3. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

6. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті құзыретке ие.

7. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.

8. Бөлім басшысы Бөлімнің жалпы жұмысын басқаруды жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады.

9. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін Бөлімнің бас мамандарының бірі орындайды.

 

10. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың құрылымдық бөлімшелерге Бөлімнің атынан жолданатын құжаттарға Бөлім басшысының қолы қойылып жіберіледі, ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.

Дата публикации
01 января 2019