Бюджеттік бағдарламаларды
қайта бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджет кодексінің» 32 бабынының 4 тармағына, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығының 24 тармағының екінші бөлігіне және VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XХXVІІІ сессиясының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 297 «Алматы қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 001 «Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары Қ. Қ. Байқоңыров осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
2. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 004 «Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары Е. М. Адилов осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
3. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 007 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары С. Телибаев осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
4. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 008 «Метрополитендегі жолаушылар тасымалын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары Е. М. Адилов осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
5. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 009 «Әлеуметтiк маңызы бар iшкi қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары Е. М. Адилов осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
6. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 011 «Жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 6 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары Е. М. Адилов осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
7. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 016 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 7 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары С. Телибаев осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
8. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 017 «Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 8 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары Е. М. Адилов осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
9. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 019 «Метрополитен салуға заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 9 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары С. Телибаев осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
10. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 10 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары Е. М. Адилов осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
11. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 11 қосымшасына сәйкес бекітілсін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары Е. М. Адилов және басшысының орынбасары С. Телибаев осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламаның басшысы болып бекітілсін.
12. Жоспарлау, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп бөліміне ( Е. Төлендиев ) Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының веб-сайтына қайта бекітілген бюджеттік бағдарламаларды заңнамаға сәйкес орналастыру.
13. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бюджеттік бағдарламаларға енгізілген өзгертулердің салыстырмалы кестесін қайта бекітілсін.
14. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары Қ. Қ. Байқоңыровқа жүктелсін.
15. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басшы Т. Хосчанов