GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 сентября 2026
Бірыңғай есеп беру күні өтті

2026 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж.Ж. Шәйдікерімнің төрағалығымен Бірыңғай есеп беру күні өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №53 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Аталған бұйрыққа сәйкес, жыл сайын қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен бірыңғай алаңда кездесулер өткізеді.

Бірыңғай есеп беру күні аясында мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қатысты өзекті мәселелерді ашық талқылауға, заң талаптарын түсіндіруге, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің өзара іс-әрекет мәселелері бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулер бақылау-қадағалау органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыруға, кәсіпкерлерді уақтылы ақпараттандыруға және мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты дамытуға ықпал етеді.

 

22 сентября 2026
Бірыңғай есеп беру күні

2026 жылдың қыркүйек айының 24 жұлдызында Алматы қаласында бақылау және қадағалау органдарының бизнес өкілдерінің алдында есеп беруінің Бірыңғай күні өтеді.

Іс-шара «Бақылау және қадағалау органдарының есеп беруінің бірыңғай күнін өткізу қағидаларына» сәйкес өткізіледі.

Есеп берудің бірыңғай күні мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері арасында ашық диалог орнатуға арналған алаң болып табылады. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелерін талқылау, заңнама талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын проблемалық мәселелерді қарау.

Іс-шара аясында бақылау және қадағалау органдарының өкілдері бақылау және профилактикалық қызметтің нәтижелері, заңнамадағы өзекті өзгерістер және міндетті талаптардың бұзылуының алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынады.

Алматы қаласының кәсіпкерлерінен келіп түскен мәселелерге ерекше назар аударылатын болады. Қатысушылар мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша түсініктемелер ала алады, қолданыстағы проблемалық мәселелерді көтеріп, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізе алады.

Есеп берудің бірыңғай күнінің қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер мен ұсыныстар белгіленген тәртіппен қаралады. Іс-шараның қорытындылары туралы ақпарат, оның ішінде негізгі мәселелер мен оларға берілген жауаптар, сондай-ақ тиісті ақпараттық-түсіндіру материалдары ресми интернет-ресурста орналастырылады.

Есеп берудің бірыңғай күнін өткізу мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары қызметінің ашықтығын арттыруға, кәсіпкерлік қоғамдастықпен сындарлы диалогты нығайтуға және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға ықпал етеді.

Өткізілетін күні мен уақыты: 24 қыркүйек 2026 жыл; сағат 9:00.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 (Достық үйі).

 

 

17 сентября 2026
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК» АҚ және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының қызметкерлері қатысқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жабаева Мөлдір шақырылған спикер ретінде қатысты.

Семинар «Алматы» ӘКК» АҚ-ның 2026 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың тиімді тәсілдеріне арналды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері мен заңсыз сыйақы беруге және алуға жол бермеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ 2026 жылғы маусымда енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге, оның ішінде 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен күшіне енетін нормаларға ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға квазимемлекеттік сектор ұйымдарына тән негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды азайтуға бағытталған практикалық шаралар түсіндірілді. Атап айтқанда, бизнес-процестердің ашықтығын арттыру, ішкі бақылауды күшейту, басқарушылық шешімдерді құжаттау, сондай-ақ ықтимал тәуекелдер мен заңбұзушылықтар туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін уақтылы хабардар ету мәселелері талқыланды.

16 сентября 2026
Бірыңғай есеп беру күні

2026 жылдың қыркүйек айының 24 жұлдызында Алматы қаласында бақылау және қадағалау органдарының бизнес өкілдерінің алдында есеп беруінің Бірыңғай күні өтеді.

Іс-шара «Бақылау және қадағалау органдарының есеп беруінің бірыңғай күнін өткізу қағидаларына» сәйкес өткізіледі.

Есеп берудің бірыңғай күні мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері арасында ашық диалог орнатуға арналған алаң болып табылады. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелерін талқылау, заңнама талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын проблемалық мәселелерді қарау.

Іс-шара аясында бақылау және қадағалау органдарының өкілдері бақылау және профилактикалық қызметтің нәтижелері, заңнамадағы өзекті өзгерістер және міндетті талаптардың бұзылуының алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынады.

Алматы қаласының кәсіпкерлерінен келіп түскен мәселелерге ерекше назар аударылатын болады. Қатысушылар мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша түсініктемелер ала алады, қолданыстағы проблемалық мәселелерді көтеріп, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізе алады.

Есеп берудің бірыңғай күнінің қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер мен ұсыныстар белгіленген тәртіппен қаралады. Іс-шараның қорытындылары туралы ақпарат, оның ішінде негізгі мәселелер мен оларға берілген жауаптар, сондай-ақ тиісті ақпараттық-түсіндіру материалдары ресми интернет-ресурста орналастырылады.

Есеп берудің бірыңғай күнін өткізу мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары қызметінің ашықтығын арттыруға, кәсіпкерлік қоғамдастықпен сындарлы диалогты нығайтуға және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

 

20 августа 2026
Алматы қаласы кәсіпкерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығына сәйкес «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) қосуға өтініштер қабылдайды) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.

Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, олар өндірген өнімді өткізетін немесе халықтың осындай топтары үшін тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін және қоғамдық-пайдалы, білім беру және мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге беріледі. Әлеуметтік кәсіпорындар үшін арнайы қолдау шаралары қалыптастырылды (5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар, жеңілдікті шарттардағы Үй-жайлар, жеңілдікті кредиттеу).

Пошталық мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303

Электрондық пошта мекенжайы: info@almaty.upp.kz

Толық ақпарат: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 3 қабат, каб. 302 немесе +7 775 838 7965 байланыс телефоны бойынша

Өтінім беру орны: «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2026 жылғы «1» қыркүйектен «15» қыркүйекке дейін қоса алғанда.

Өтінім беру күні: 2026 жылғы «1» қыркүйек

Өтінімдерді берудің аяқталу күні: 2026 жылғы «15» қыркүйек

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын атап өтеміз.

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не Қағидалардың шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін дәйексіз деректер немесе құжаттар ұсынылған жағдайларда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

Конкурстық құжаттамамен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
24 июня 2026
Алматыда Тәжікстан өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

27-28 маусым күндері Алматының Алатау ауданында Тәжікстан Республикасының Хатлон облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Сауда қатарлары Нұркент шағынауданындағы «Almaty Arena» көпфункционалды кешенінің алдындағы алаңда орналастырылады.

40 фермер өнімін ұсынады. Олар Алматыға 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарын алып келеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына маусымдық жеміс-жидектер мен көкөністердің, табиғи кептірілген жемістердің, шығыс тәттілерінің және басқа да өнімдердің түр-түрі тікелей өндірушілерден ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға және тұтынушыларды сапалы өніммен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін. Кіру тегін.

16 июня 2026
Алматыда шағын және орта бизнес нысандарын экологиялық таза отын түрлеріне көшіру мәселесі талқыланды

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасымен, аудан әкімдіктерімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, шағын және орта бизнес субъектілерін экологиялық таза отын түрлеріне көшіру, сондай-ақ шығарындыларды тазартуға арналған сүзгілеу жүйелерін орнату мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Іс-шараға Қазақстан рестораторлары қауымдастығының өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында экологиялық талаптарды сақтау, ластаушы заттар шығарындыларының деңгейін төмендету және кәсіпкерлік нысандарында заманауи экологиялық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушыларға экологиялық тұрғыдан тиімді технологияларға кезең-кезеңімен көшу тетіктері түсіндірілді.

Жүргізіліп жатқан жұмыс Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға және бизнестің экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

10 июня 2026
«Қазақстанның үздік тауарын»: Алматы таңдайды

2026 жылғы 27 маусымда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Атамекен» ҚР ҰКП Алматы қаласы бойынша филиалы ұйымдастыруда.

Конкурс отандық өндірушілерді қолдаудың, қазақстандық өнім сапасын арттырудың және ішкі нарықта бәсекеге қабілетті тауарларды ілгерілетудің негізгі алаңдарының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты -кәсіпорындарды заманауи сапа стандарттарын енгізуге ынталандыру және бизнес пен халық арасында сапа мәдениетін дамытуға ықпал ету.

Биыл көрмеге отандық өнімнің кең ассортиментін ұсынатын 60-тан астам өндіруші қатысады. Келушілер үшін дәм тату, өнімдер таныстырылымы, қазақстандық брендтер жәрмеңкесі, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдері мен тауарларының көрсетілімі ұйымдастырылады.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын және шығарылатын өнімнің тұрақты сапасын дәлелдейтін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер шақырылады.

Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі:«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;«Халыққа арналған үздік тауарлар»;«Үздік азық-түлік тауарлары».Әр номинация бойынша үш жеңімпаздан анықталады. Өңірлік кезеңнің үздік кәсіпорындары Алматы қаласының намысын республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінде қорғайды.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша тоғыз кәсіпорын конкурс дипломанты атағына ие болып, дипломдармен және «Қазақстанның үздік тауары» ресми эмблемасымен марапатталады, сондай-ақ конкурс белгісін төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады.

Конкурсқа қатысу үшін Алматы қаласының кәсіпкерлері өтінімдері мен сұрақтарын келесі электрондық поштаға жолдай алады: otp.atameken@gmail.com.

Алматы тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға және отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге шақырамыз. Үздікті бірге таңдаймыз!

02 июня 2026
Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты

Бүгінде 2026 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Алматы қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931,3 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 27,8%-ға жетті.

Өсімнің негізгі драйвері өңдеу өнеркәсібі болып отыр. Саладағы өндіріс көлемі 743,2 млрд теңгеге жетіп, 32,1%-ға артты. Қазіргі таңда өңдеу өнеркәсібінің үлесіне қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің шамамен 80%-ы тиесілі.

Алматыда азық-түлік, химия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру салалары қарқынды дамуда. Қазіргі уақытта мегаполисте 130-дан астам ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді.

Қала экономикасының дамуына Алматы индустриялық аймағы елеулі үлес қосып келеді. Оның жалпы аумағы 695 гектарды құрайды. Аймақ аумағында 151 компания жобаларын жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде 21,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуда.

Шағын және орта бизнестің дамуына индустриялық парктер де қосымша серпін беруде. Бүгінде Алматыда жалпы аумағы 95 мың шаршы метрді құрайтын 23 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді. Бұл алаңдарда қазірдің өзінде 2400-ге жуық жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар Алматы еліміздегі жетекші IT-орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Аумағы 163 гектарды құрайтын «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары қатарында 178 компания бар.

Олардың ішінде:

* 108 компания (НИТ, alabs.team, PayBox, «Личная Касса» және т.б.) бағдарламалық қамтамасыз ету саласында «экстерриториялық» қағидат бойынша қызмет атқарады;

* 70 компания (Kaspi Cloud, Freedom Data Centers, Eltex Alatau, Nero Lab, Xfinity Solutions, Kaztechinnovations, «Алтын Групп» және т.б.) АЭА аумағында орналасқан.

Қазіргі таңда «ИТП» АЭА аумағында 1000-ға жуық жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 24 жоба жүзеге асырылуда.

Өнеркәсіптің, өндірістік инфрақұрылымның және инновациялық сектордың дамуы Алматыға экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтап, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

26 мая 2026
Алматыда «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнеске қолдау жалғасуда

Шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында Алматы қаласында «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілуде.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігі кәсіпкерлердің банктерге төлейтін сыйақы шығындарын ішінара өтеуге мүмкіндік береді. Жобаларды қарау және мақұлдау жұмыстарын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жүзеге асырады.

Бағдарламаға азық-түлік өндірісі, тоқыма және киім өндірісі, фармацевтика, жиһаз жасау, химия өнеркәсібі, электр жабдықтары мен басқа да өңдеу өнеркәсібі салаларында өз жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер қатыса алады.

Субсидиялауға жататын кредит сомасы 200 млн теңгеге дейінгі мөлшерді құрайды. Мемлекеттік қолдау көлемі номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 40%-ын жабады, ал қалған бөлігін кәсіпкер төлейді. Кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме жылдық кемінде 12,6%-ды құрайды. Субсидиялау мерзімі - 3 жылға дейін.

Бағдарламаны іске асыру кәсіпкерлікті дамытуға, өндірістік секторды қолдауға және қаладағы экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы