Лого

Меню

Страницы

Статья

БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ГРАНТТАР

Мемлекеттік гранттар «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

Мемлекеттік гранттың сомасы:

- 2 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін

Бизнес-жобаны іске асыру мерзімі:

- кемінде 18 ай

Шарттары:

- экономиканың басым секторларының тізімінен алынған жобалардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды);

- жобаның іске асыруға жұмсалған шығындарын берілетін мемлекеттік гранттың, оның ішінде, жеке жылжитын немесе жылжымайтын мүлік көлемінен кемінде 10% мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды);

- жаңа жұмыс орындарын құру;

- кәсіпкердің бизнес-жобасының болуы.

Мемлекеттік грант құралдарын пайдаланудың мақсаты:

- тауар шығару немесе қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу;

- материалдық емес активтерді сатып алу;

- технологияларды сатып алу;

- кешенді кәсіпкерлік лицензияға құқық алу (франчайзинг);

- зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындар.

Шарттармен және құжаттар тізбесімен «Qolday» кәсіпкерлік орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:

https://qolday.kz

 

Дата публикации
16 ноября 2021
Дата обновления
16 ноября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
17 сентября 2026
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті
01 сентября 2026
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы