Лого

Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 4 тоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бойынша Медиа-Жоспар тармақтарының орындалуы бойынша ақпарат

1-тармақ: Ағымдағы жылғы 15 қазанда әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесте тыңдау өтті. Кеңес қорытындысы бойынша басқарма басшысы Е. Н.Оразалин Қоғамдық кеңестен ұсыныстар берді.

Сондай-ақ, 2020 жылдың қазан айында онлайн-режимде басқарма басшысының орынбасары Қ.Х. Әбдіжаббарованың қатысуымен «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті.

2020 жылғы 19 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және мінез-құлық стандарттары бойынша онлайн-режимде шеберлік сабағына басқарма басшысының орынбасары Қ. Сағындықов қатысты.

2020 жылғы 10 қарашада Алматы қаласының Республикалық ақпараттық–ағартушылық штабының мүшелерімен басқарма басшысының орынбасары Қ. Сағындықовтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

2-тармақ.: Басқарма барлық енгізілетін жаңалықтар бойынша, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуде, оның ішінде түсіндіру іс-шаралары арқылы (брифингтер, Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциялары, телевизиялық және баспа БАҚ үшін сұхбаттар, «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфирлер және т. б.) басшылық пен басқарма мамандарының қатысуымен өткізіледі.

2020 жылдың 4 тоқсанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Басқарма шамамен 6 брифинг өткізді (басқарма басшысы Е.Оразалин - 4 брифинг, орынбасары Қ. Сағындықов – 2, орынбасары Қ. Әбдіжаббарова – 2).

3 тармақ: Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бөлімнің, оның ішінде ИРПБП-ға көшу нәтижесінде контентті толтыру бойынша жұмыс жүргізілді.

4-тармақ: Басқармада мемлекеттік қызметке кір келтіретін бұзушылықтар, сондай-ақ қызметтік этиканы бұзу жоқ.

5 тармақ: Басқармада сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жоқ.

6-тармақ: Басқарма бірінші жартыжылдықтың қорытындылары және жылдың қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ, бөлімдерге тиісті ұсыныстар берілді.

7-тармақ: Басқарма басшысы Е. Н. Оразалин 2020 жылғы 23 қарашада "Басты назарда" (қаз) бағдарламасына қатысып, қала тұрғындарымен кері байланыс орнатып, олардың сұрақтарына жауап берді.

8 тармақ: Басқарманың бюджеті «Ашық бюджеттер» порталдарында, қоғамдық бақылаудың интерактивті картасында,сондай-ақ Басқарманың ресми интернет ресурсында орналастырылады www.almaty.upp.kz.

Дата публикации
27 января 2021
Дата обновления
27 января 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
17 сентября 2026
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті
01 сентября 2026
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы