
2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Алматы қаласының негізгі капиталына 752,8 млрд.теңге инвестиция бағытталды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24%-ға жоғары (608,2 млрд теңге). Атап айтқанда, сыртқы инвестициялар көлемі 115,2 млрд теңгені құрады немесе бір жыл бұрынғыға қарағанда 22%-ға жоғары (94,7 млрд теңге).
Салалар бөлінісінде инвестициялардың ең көп үлесі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға 46,7% (351,9 млрд теңге), көлік және қоймалауға 12% (90,7 млрд теңге), өнеркәсіпке 10% (75,4 млрд теңге), басқа салаларға 41,3% (310,5 млрд теңге) тиесілі.
Қаржыландыру көздері бойынша: бюджет қаражаты – 61,4 млрд теңге немесе 16,3%; өз қаражаты – 500,2 млрд теңге немесе 66,4%; банк кредиттері – 38,1 млрд теңге немесе 5,1%; басқа қарыз қаражаты – 91,7 млрд теңге немесе 12,2%, оның ішінде резидент еместер 2,2 млрд теңге құрады.