Лого

Меню

Страницы

Статья

Жедел іс-әрекет ету топтарының жұмысы туралы ақпарат

Екібастұз өңірінің аумағында «Бақытты отбасы» партиялық жобасының жол картасы аясында жергілікті полиция қызметінің тірек пункттері базасында 13 жедел іс-әрекет ету топтары құрылды. Бұл топтардың құрамына еріктілер, блогерлер, әлеуметтік сала, білім беру, полиция мен денсаулық сақтау қызметкерлері қатарынан өкілдері енгізілді.

Жедел іс-әрекет ету тобы жұмысының негізгі мақсаты өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен ондағы балаларға атаулы, нақты көмек көрсету болып табылады. Айына екі рет учаскелік инспекторлардың, мектеп мекемелерінің, емханалар мен ерікті ұйымдардың мәліметтері негізінде, отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеріс актілері жасалады.

Әр отбасымен қолдан келерлік көмек көрсету, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу, құжаттандыру, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру, түрлі әлеуметтік жәрдемақыларды рәсімдеу бойынша жеке жұмыс жүргізіледі. Көптеген отбасылар Екібастұз қаласының жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобында тұрмыс жағдайы нашар ретінде профилактикалық есепте тұр.

Жедел іс-әрекет ету тобы жұмысының белсенділігінен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға атаулы және нақты көмек көрсету бойынша оң нәтижелер бар екендігі байқалады. Алайда, отбасы мүшелері өз тараптарынан өмір салтын өзгерту туралы шешім қабылдамайынша, отбасының өмірлік қиын жағдайдан шығуы нәтиже бермейді.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында жедел іс-әрекет ету топтары  (кәмілетке толмаған 23 балалары бар) 26 отбасын тексерді, оның ішінде ауылдық округтерде - 3 отбасы. Сонымен бірге 41 отбасына азық-түлік және киім-кешекпен, 26 отбасына түрлі әлеуметтік жәрдемақылар рәсімдеуде, 1 отбасына жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуде, 2 отбасынан 3 баланы қаланың мектепке дейінгі мекемелеріне орналастыруға көмек көрсетілді.

 

 

Дата публикации
30 сентября 2021
Дата обновления
30 сентября 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Мақалалар
17 сентября 2026
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті
01 сентября 2026
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы