
Бүгінгі күні инвесторларға кең қолдау құралдары ұсынылады. Алматы қаласы, Байзаков көшесі, 303 мекенжайы бойынша орналасқан «Инвестициялар үйі» ғимаратында бір терезе қағидаты бойынша сервистік қолдау, әріптестерді іздестіру және инвестициялық келісімшарттарды сүйемелдеу қызметтері көрсетіледі.
Ерекше жағдайлары бар алаңдар – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жұмыс істейді. Индустриялық аймақтың жалпы ауданы 490 га.
Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, әлеуетті инвесторлардың жаңа жобаларды іске асыруға қызушылығын арттыру үшін Алматы қаласында келесі бағыттарда жұмыс жүргізілуде.
Кәсіпкерлікті қаржыландыру тетіктері кеңейтілді және «Алматы» МҚҰ мен «Almaty Finance» қаржы институттарын құру арқылы қолданыстағы республикалық бағдарламалар бойынша ШОБ-қа кредит беруді ұлғайту, онда кәсіпкерлік субъектілерін жылдық 2 және 6% мөлшерлемесі бойынша 500 млн.теңгеге дейін қаржыландыру жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары және «Almaty Business» өңірлік бағдарламасы бойынша салалардың кең спектрі қалыптасуда.
Сондай-ақ, «Qolday`» кәсіпкерлікті қолдау орталығы құрылды, онда бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтердің 253 түрі көрсетіледі және инвестициялық жобаларды толық сүйемелдеу жүргізіледі.
Бұдан басқа, Almaty Invest ұйымы инвестицияларды тартудың, зәкірлік жобаларды іске асырудың, қала аумағында ірі және орта инвестициялық жобаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудың негізгі драйвері болып табылады.
Almaty Invest инвесторлармен жобаны анықтаудан, оны қаптау және таргеттеуден бастап, жобаны коммерциялық іске қосуға және инвестициялаудан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі нақты жұмыстарды ұйымдастырады.