Лого

Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК» АҚ және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының қызметкерлері қатысқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жабаева Мөлдір шақырылған спикер ретінде қатысты.

Семинар «Алматы» ӘКК» АҚ-ның 2026 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың тиімді тәсілдеріне арналды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері мен заңсыз сыйақы беруге және алуға жол бермеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ 2026 жылғы маусымда енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге, оның ішінде 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен күшіне енетін нормаларға ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға квазимемлекеттік сектор ұйымдарына тән негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды азайтуға бағытталған практикалық шаралар түсіндірілді. Атап айтқанда, бизнес-процестердің ашықтығын арттыру, ішкі бақылауды күшейту, басқарушылық шешімдерді құжаттау, сондай-ақ ықтимал тәуекелдер мен заңбұзушылықтар туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін уақтылы хабардар ету мәселелері талқыланды.

 

Дата публикации
17 сентября 2026
Дата обновления
17 сентября 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
17 сентября 2026
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті
01 сентября 2026
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы