
2019 жылғы қаңтар–желтоқсандағы бөлшек сауда айналымының көлемі 3556,5 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,1%-ға артты. Жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар сатқан тауарлар айналымы 2838,5 млрд. теңге (бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 79,8%) мөлшерінде қалыптасса, шетел меншігі нысанындағы кәсіпорындардың үлесі - 718 млрд. теңге (20,2%) құрады.
Сауда істеуші кәсіпорындар 2590,7 млрд. теңге (жалпы көлемінің 72,8% мөлшерінде) тауарлар сатқан.
2019 жылғы қаңтар–желтоқсандағы көтерме тауар айналымы 12162,8 млрд. теңге құрады, немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 101,6%. Көлемнің басым бөлігі (71,3%) – жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың үлесінде.
Толығырақ деректер бюллетенде көрсетілген.