
Статистикалық бюллетенде 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда қала өнеркәсібінің жұмысы нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі. Бюллетенде «Өнеркәсіп» саласы бойынша әртүрлі кесте түріндегі материалдар, атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі туралы құны тұрғысынан деректер және бүкіл өнеркәсіп бойынша нақты көлемнің индекстері, өнеркәсіп өнімін шығару туралы заттай түріндегі деректер ұсынылады.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда Алматы қаласында (үй шаруашылықтары секторын қосқанда) қолданыстағы бағаларда алғанда 957,1 млрд. теңге мөлшеріндегі өнеркәсіп өнімі шығарылды, бұл 2018 жылғы деңгейіне қарағанда 104,5% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 758,5 млрд.теңге мөлшеріндегі өнім шығарылды, нақты көлемнің индексі 2018 жыл мен салыстырғанда 105,3% құрады. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі сусын өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру және металлургия өнеркәсібінде тіркеледі.
Электр энергиясымен жабдықтау, газ бен бу жіберу және ауа баптау саласында өндірілген өнім мен көрсетілген өнеркәсіптік сипаттағы қызметтердің көлемі 171,3 млрд. теңге немесе қала бойынша өндіріс көлемінің 17,9%-ын құрады. Нақты көлемнің индексі 2018 жылғы деңгейіне қарағанда 100,1% құрады. Есепті кезеңде қала қажеттіліктері үшін 3250,4 млн. кВт сағат электр энергиясы өндірілді, бұл 2018 жылғы деңгейіне қарағанда 99,6% құрады; 7946,6 мың Гкал жылу энергиясы (93%) жіберілді; 244 млн. текше метр (108,6%) табиғи су өндіріліп таратылды.