2020 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша экономиканың барлық салалары дамуының оң серпіні байқалады.

Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция көлемі қаңтар-тамызда 10,1% өсіммен 518,5 млрд. теңгені құрады.

Ішкі инвестициялар 433,3 млрд. теңгені құрады (НКИ-105,7%,);

Сыртқы инвестициялар 85,2 млрд.теңгені немесе 88,5% - ды құрады.

Өнеркәсіп

2020 жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 626,5 млрд.теңгені құрады. НКИ-103%.

Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 102,9% (490,5 млрд. теңге) құрады;

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 107,9%(121,9 млрд. теңге)

Сумен жабдықтау өндірісінің көлемі 74,5%(14 млрд.тг.) құрады.)

Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2 053,7 млрд.теңгені құрады, НКИ 86,3%.

Көтерме сауда тауар айналымы 6 042,2 млрд.теңгені немесе 85,7% - ды құрады.

ШОБ

Қала экономикасындағы ШОБ үлесі 42,4% - ға жетті.

2020 жылдың 1 қыркүйегінде ШОБ субъектілерінің саны 195,2 мың бірлік, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 4,6% - ға жоғары.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ШОБ өнімінің көлемі 1 877,9 млрд теңгені құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% өсті.

 

Дата публикации
24 октября 2020