Алматы. 2020 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Паспорты.
2. Кіріспе.
3. Талдау және негізгі мәселелер.
4. Негізгі бағыттар және оларға қол жеткізу жолдары.
5. Күтілетін нәтижелер.
6. Іс-шаралар жоспары.
1. ПАСПОРТЫ
|
Әзірлеу үшін негіздеме |
Жол картасы қараусыз қалған жануарлар бойынша түйткілді мәселелерді шешу мақсатында, сондай-ақ «Petcontrol» АЖ бірыңғай қорына енгізу жолымен Алматы қаласының аумағындағы үй жануарларының санын реттеу үшін, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, ЮНЕСКО-ның «Жануарлар құқықтарының Дүниежүзілік декларациясына», Еуропалық Одақтың «Жануарларды қорғау жөніндегі Еуропалық конвенциясына, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының «Жер беті жануарларының денсаулығы Кодексіне» сәйкес әзірленді. |
|
Бағыттары |
- заңнаманы жетілдіру; - чиптеу жолымен үй жануарларын бірдейлендіру; - адамгершілік қағидаттарына негізделген, жануарларды күтіп-ұстау мәдениетін арттыру; - адамгершілік қағидаттарына негізделген, қараусыз қалған жануарлардың популяциясын реттеу; - инфрақұрылымды дамыту. |
|
Мақсаты |
Адамгершілік қағидаттарына негізделген, жануарларды күтіп-ұстаудың және оларға қарай білудің жағдайларын жасау. |
|
Іске асыру мерзімі |
2021-2024 жылдар |
|
Негізгі статистикалық мәліметтер |
Алматы қаласы жануарларының сандық көрсеткіші: Тіркелген жануарлар (иттер мен мысықтар) – 99 289 бас 3,5 жыл ішінде қараусыз қалып, ауланған жануарлар (иттер мен мысықтар) – 69 300 бас, оның ішінде: 2017 жылы – 23 300 бас 2018 жылы – 16 700 бас 2019 жылы – 17 300 бас 2020 жылдың 8 айының ішінде – 12 000 бас Жинап алынған өлекселер: 2017 жылы – 470 бас 2018 жылы – 385 бас 2019 жылы – 809 бас 2020 жылдың 8 айының ішінде – 527 бас Иелеріне қайтарылды: 2017 жылы – 3 315 бас 2018 жылы – 2 817 бас 2019 жылы – 2 148 бас 2020 жылдың жартыжылдығының ішінде – 1 280 бас Жойылды: 2017 жылы – 21 000 бас 2018 жылы – 14 400 бас 2019 жылы – 16 200 бас 2020 жылдың 8 айының ішінде – 11 200 бас Үй жануарларын (иттер мен мысықтарды) «чиптеуді» іске асыру бағдарламасы бойынша 2017 жылы – 70 000 бас 2018 жылы – 35 000 бас 2019 жылы – 20 000 бас 2020 жылдың 8 айының ішінде – 14 500 бас Үй жануарларын (иттер мен мысықтарды) «піштіруді және зарарсыздандыруды» іске асыру бағдарламасы бойынша 2017 жылы – 10 000 бас 2018 жылы – 11 500 бас 2019 жылы – 8 000 бас 2020 жылы – 3 300 бас Ветеринариялық кәсіпорындар саны – 50, оның ішінде: жеке ветеринариялық емханалар – 38 мемлекеттік ветеринариялық емханалар – 0 жеке паналар – 9 мемлекеттік паналар – 0 жеке оқшаулағыштар – 0 мемлекеттік оқшаулағыш – 1 кинологиялық орталықтар – 2 зоодүкендер – 311 |
|
Қажетті ресурстар |
Адамгершілік қағидаттарына негізделген, жануарларды күтіп-ұстаудың және оларға қарай білудің жағдайларын жасау жөніндегі осы Жол картаны іске асыру үшін, бюджеттік және жеке қаржы ресурстары біріктірілетін болады. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ШЖҚ «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК (бұдан әрі – ҚВҚ) бірлесіп, 2021-2024 жылдарға арналған тиісті Кешенді жоспар әзірледі. Бюджет қаражаттары бірдейлендірудің әлеуметтік маңызы бар жобаларын қаржыландыруға, жануарлар санын реттеуге және қаланың инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады. Қосымша ретінде, мемлекеттік бюджет шығындарына жеке инвестициялар тартылатын болады. Бұл үшін мемлекеттік-жеке әріптестіктің тетіктері пайдаланылатын болады. МЖӘ шеңберіндегі қаражаттар жобалық қаржыландыруға бағытталатын болады. Жол картасын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен және сол қаражаттар шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылатын болады. |
2. КІРІСПЕ
Қазіргі заманда жануарлар – түйткілді мәселелерінің әлеуметтік-саяси сипаты бар топ болып саналады.
Жануарлар – ірі қара малды, шошқаны, жылқыны, қойды, ешкіні, терісі бағалы аңдарды, құстарды, балықтарды, сол секілді арнайы өсірілген және жануарлардан алынатын өнімдерді (мал шаруашылығы өнімдерін) алу (өндіру) үшін, сондай-ақ көлік құралы немесе жегу күші ретінде пайдаланылатын басқа да ауыл шаруашылығы жануарларын айтпағанда, адам өзінің үй шаруашылығына өз рахаты мен достық қарым-қатынасы үшін күтіп-ұстайтын немесе, жекелей алғанда, жануарлы болуға ниет білдіретін кез келген тіршілік иелерін білдіреді. Оларды келесі санаттарға бөлу ұсынылады:
1) иттер мен мысықтар;
2) құстар;
3) кеміргіштер мен терісі бағалы аңдар;
4) аквариум мекендеушілері;
5) бауырымен жорғалаушылар және салқын қандылар;
6) экзотикалық.
Қараусыз қалған жануарлар – бұл жоғалған, қашып кеткен, тастап кеткен немесе өзге де жолмен адамдардың қамқорлығынсыз қалған жануарлар.
Әлемдік қоғамдастық жануарларға адамгершілікпен қарау бойынша нысаналы бағытта саясат жүргізуде.
Адамгершілікпен қарау келесі «бес еркіндік» қағидаттарын сақтау дегенді білдіреді:
1. Аштық пен шөл еркіндігі – мықты денсаулық пен белсенділікті сақтайтын су мен тағамға қол жетімділікті ұсыну жолымен.
2. Жайсыздықтан арылу еркіндігі – ұйықтауға және демалуға арналған жай мен орынды қоса алғанда, мекендеу үшін тиісті орта ұсыну жолымен.
3. Ауырсынудан, жарақаттанудан немесе аурудан арылу еркіндігі – алдын алу немесе ерте диагноз қою және емдеу шараларын ұсыну жолымен.
4. Табиғи мінез-құлық еркіндігі – жеткілікті орын беру, тиісті қолайлы жағдайлар жасау және құрылғылар, сондай-ақ өзіне ұқсас компаниялар ұсыну жолымен.
5. Қорқыныш пен күйзелістен арылу еркіндігі – рухани қайғы-қасіретті болдырмайтын тиісті жағдайлар мен қатынастарды қамтамасыз ету жолымен.
«Бес еркіндік» Жануарлар әл-ауқатының Дүниежүзілік декларациясына (Universal Declaration on Animal Welfare) енгізілді. Бұдан басқа, жануарлар құқықтарының халықаралық лигасы ЮНЕСКО-мен бірлесіп, «Жануарлар құқықтарының Дүниежүзілік декларациясын» қабылдады, Жануарлар денсаулығын қорғау жөніндегі Дүниежүзілік ұйымы «ХЭБ-тің компартментациялау саласындағы нормалары мен ұсынымдарын» қабылдады, ал ЕО «Жануарларды қорғау жөніндегі Еуропалық конвенция» қабылдады.
Әлемдік деңгейде іске асырудың негізгі мақсаты – жануарлардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, мәдениетті жақсарту және жануарларды асырауда жаппай жауапкершілікті енгізу.
Қараусыз қалған иттер мен мысықтар, бір жағынан, әртүрлі жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болып табылатын, екінші жағынан, мемлекет пен заңның қорғауынан мүлдем айырылған жануарлар арасындағы ең осал топ. Осы жайтты ескере отырып, халықтың санитарлық-ветеринарлық денсаулығын қамтамасыз етуге, қаңғыбас жануарлардың санын мүмкіндігінше азайтуға, екінші жағынан оларды адамдардың қатыгез және садистік әрекеттерінен заңды түрде қорғауға мүмкіндік беретін нақты, тиімді және шынымен жұмыс істейтін іс-қимыл алгоритмін жасау қажет.
Қазақстан Республикасында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасы қаралуда.
ЭЫДҰ елдерінде жануарларды асырау үшін әлеуметтік жауапкершілік бағдарламалары қабылданды, ізгілікті аулау және эвтаназия алгоритмдері айқындалды. Сондай-ақ, олардың санын ізгілікпен реттеу бағдарламалары қолданылады, осыған байланысты қараусыз қалған жануарлардың саны азаюда.
Жол картасын әзірлеу кезінде мәселелердің ұқсастығын ескере отырып, адамгершілік қағидаттарына негізделген жануарларды ұстау және оларға қарай білу жағдайларын жасауда БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕО, ДСҰ және ЭЫДҰ елдерінің жануарлардың санын ізгілікпен реттеудегі тәжірибесі ескерілді, жануарлардың әл-ауқатын қамтамасыз ету және олардың санын реттеу саласындағы бірқатар тәсілдер бейімделді.
3. ТАЛДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР
Еуразиялық одақ елдерінде және Қазақстан Республикасында, атап айтқанда, ЭЫДҰ елдерінен айырмашылығы, жануарлардың меншік жауапкершілігі мен құқықтары заңнамалық деңгейде көзделмеген.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында жергілікті атқарушы органдардың қараусыз қалған мысықтар мен иттерді аулау және жою ережелерін қабылдау жөніндегі құзыреті ғана жазылған. Алайда, Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген аталған ережелер нақты талаптар бермейді.
Жануарларды пәтерлерде және жеке аулада ұстау, сондай-ақ оларды тасымалдау және дезинфекциялау регламентіне қатысты мәселелер ескерілмей қалып отыр. Сол кезде, уәкілетті органдарға азаматтардан үнемі жануарларға қатыгездікпен қарау туралы өтініштер келіп түседі.
Уәкілетті органның деректеріне сәйкес, 2017 жылдан бастап, 2020 жылды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша 29 іс тіркелді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде жануарларды асырауды, өткізуді және өсіруді бұзғаны үшін жауапкершілікті талап ету шаралары жоқ. Салық кодексінде міндетті түрде жануарларды асырайтын иелеріне салық салу бойынша шараларды көздеу қажет.
Аталған шаралар Беларусь Республикасы мен Украинаның заңнамасында 2007 жылдан бастап нақты санаттарға бөлініп және жануарларды ұстау жауапкершілігін анықтай отырып, көзделген.
Бұдан басқа, Ресей Федерациясында 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №498-ФЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» және «Ресей Федерациясының жекелеген заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заңдар күшіне енді.
Әлемдік қауымдастық заңнамада арнайы нормалардың болмауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін түсінеді.
Алматы қаласының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайды жақсарту және инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау, сондай-ақ жануарлардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында, VI-шы сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVII-ші сессиясының шешімімен «Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары» қабылданды.
Қазіргі уақытта, осы қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жоба әзірленуде.
Осы қағида адамгершілік және қаладағы адамдар мен жануарлардың үйлесімді өмір сүру қағидаттарына негізделген.
Құжатты әзірлеуге Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасымен бірлесіп, зоологиялық қорғау және қоғамдық бірлестіктер, кинологтар, «Animal Law Kazakhstan» комитеті, «Қазақстан Республикасының ветеринарлық дәрігерлер қауымдастығы» және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Бұдан басқа, Алматы қаласының аумағында V-ші сайланған Алматы қаласы Мәслихатының ХІХ-шы сессиясында бекітілген, сондай-ақ адамгершілік қағидаттарына негізделген «Қараусыз қалған жануарларды аулау және жою қағидалары» қолданылады.
Қараусыз қалған жануарлардың саны ізгілікпен реттелмеген кезде туындайтын түйткілді мәселелер:
- қаладағы эпидемиологиялық жағдайды нашарлататын және адамдар мен басқа да жануарлар үшін қауіпті аурулардың таралуы;
- жануарлардың агрессивті мінез-құлқынан туындаған қауып алу және адамдар үшін күйзеліс жағдайлары;
- шу мен табиғи дыбыстан туындаған қолайсыздық;
- жануарлардың тіршілік ету ортасының иісі мен эстетикалық сапасы: аумақтың зәрмен иістенуі, нәжіспен ластануы.
- балалар мен жасөспірімдерді қоса алғанда, бұл үшін жануарларды пайдалана отырып, адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі;
- садистік әрекеттер жасау ниетінде жануарларға деген оңай қол жетімділік, сондай-ақ мұндай әрекеттердің жазасыздығы қылмыстың өсуіне, атап айтқанда, жалпы қалалық ортадағы әлеуметтік қолайсыздыққа әкеліп соғады;
- халық тарапынан әлеуметтік наразылық дәрежесінің артуы.
|
Р/№ |
Көрсеткіштің атауы |
Көзі |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 жылдың 7 айында |
|
1 |
Қабудан зардап шеккен адамдардың саны : - белгілі иттерден - белгісіз иттерден |
ТжҚСмҚБД |
1762 2543 |
1906 2551 |
2017 2777 |
871 1066 |
|
2 |
Антирабикалық көмек мың теңгеде: белгілілер үшін (13 284 тг/жүгіну) белгісіздер үшін (18 684 тг/жүгіну) |
ҚДБ |
68 885 22 848 46 037 |
77 175 29 251 47 924 |
48 626 12 154 36 471 |
31435 10116 21319 |
|
3 |
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 408 бабы бойынша бұзушылықтар (Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету) |
ПД |
4317 |
4443 |
4629 |
2198 |
|
4 |
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 408 бабы бойынша айыппұлдар (3 АЕК және 10 АЕК) - салынды, мың теңгеде: - өндірілді, мың теңгеде: |
ПД |
4205593 2150533 |
4205593 2150533 |
2325524 1725420 |
1637518 896728 |
|
5 |
ҚР Қылмыстық кодексінің 316 бабы бойынша бұзушылықтар (жануарларға қатыгездікпен қарау) |
ҚСжАЕД |
9 |
7 |
7 |
6 |
Келтірілген деректерге сүйене отырып, ағымдағы жағдай келесі көрсеткіштермен сипатталады:
- қауып алу жағдайлары жылына 3-8%-ға өсті;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 408 бабы бойынша құқық бұзушылықтар саны жылына 2,9%-дан 4,2%-ға дейін өсті;
- жануарларға қатыгездікпен қарау үрдісі жылына 22%-дан 10%-ға дейін төмендеді.
Қазіргі уақытта, Алматы қаласында 38 жеке ветеринариялық емхана және ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызмет» КМК өз қызметін жүзеге асыруда, ол 2020 жылдан бастап, үй жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді, олардың мәліметтері «Petcontrol» АЖ қорына енгізіледі.
Сонымен бірге, қараусыз қалған иттер мен мысықтар популяциясының өсуі көбінесе олардың иелерінің жауапсыздығының (лақтырылған, саяжай алқаптарында қараусыз қалдырылған, Алматы облысының іргелес аудандарынан қоныс аударылған) есебінен, халықты жеткілікті хабардар етудің және НҚА-ның орындалуы бақылауының болмауынан туындайды.
Аулау рәсімін ізгілендіру мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді.
Мал дәрігерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ҚР АШМ ШЖҚ РВЗ РМК АРФ және ҚР АШМ ВБжҚК Алматы қаласы бойынша АИ негізінде 7 семинар-кеңес өткізілді.
Ауланған жануарларды ауыстырып орналастыру кезінде зиян келтіруге мүмкіндік бермейтін жаңа гелді ілмек-бекіткіштер сатып алынды. Аулауға арналған қармақжемі бар өздігінен жабылатын тор жасалады: қармақжемнен кейін жануардың кіреберісінде ұяшықтың есіктері автоматты түрде жабылады. Аталған торлар тұрақты түрде пайдаланылады.
Жарақаттануды болдырмау үшін адам мен жануарды байланыстырмай аулауға арналған торлар, лақтыру құралдары, жағалар, қарғыбаулар, жаңа тостағандар сатып алынды.
Жануарларды қауіпсіз тасымалдауға және тасуға арналған қосымша 52, оның ішінде, иттер үшін 32 дана және мысықтар үшін 20 дана темір тор сатып алынды. Ауланған иттер мен мысықтарды ұстау үшін 150 ұяшық сатып алынды. Аталған ұяшықтар халықаралық талаптарға сәйкес келеді және қоршау ішінде жануарлардың еркін қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жануарлардың келіп түсуін, түсірілуін, күтіп-ұсталуын, берілуін бақылау, сондай-ақ олардың эвтаназиясы мақсатында қаңғыбас жануарларды аулау бөлімінің қызметкерлері аулау процесін фотоға түсіруге және бейнетүсіруге арналған 16 (он алты) дана бейнетіркегіш сатып алды және олар орнатылды.
Жалпы дәрі-дәрмектік анестезияны қолдана отырып, талап етілмеген иттер мен мысықтардың 2 сатылы эвтаназиясы тәжірибеге енгізілді, онда аса адамгершілікпен, қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес, жануарларды седациялау үшін «Ксиланит» пен «Адилин-супер» препараттары қолданылады.
Клиникалық тексеруден, өлшеуден өткеннен кейін иттер мен мысықтарда чиптің немесе таңбаның бар-жоғы тексеріледі. Егер келіп түскен жануардың чипінің бар екені анықталса, онда ақпарат жануардың тиесілігін анықтау және иелерімен кері байланыс орнату үшін дереу ветеринарлық емханаға немесе маманға беріледі. Барлық түскен жануарлар тіркеледі. Қажетті емшаралар жүргізілгеннен кейін иттер мен мысықтарды суретке түсіреді және жануардың ауланған ауданы мен жынысы көрсетіле отырып, vca_gov инстаграм-парақшасына фотосуретін орналастырады.
Уақытша ұстау оқшаулағышының аумағында ветеринариялық блок жұмыс істейді, онда қажет болған жағдайда, ветеринариялық-медициналық емшаралар жүргізіледі. Қосымша кэшерлер мен дезинфекциялық қондырғылар сатып алынды.
385-53-05 және «109» телефондары бойынша тәуліктік Call-орталығы іске қосылды.
Кәсіпорын қоғамдық ұйымның сұрауы бойынша бейнежазбаларды ұсынады.
УҰИ және аулау бөлімінің жұмысы бойынша барлық іс-шаралар жария етіледі.
Білікті және тексерілген мамандарды тарту жолымен кәсіпорынның оқшаулағышы қызметкерлерінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. УҰИ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізілді.
«Алматы қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін» сақтау жөнінде кітапшалар таратылды. Сондай-ақ, жадынамалар уәкілетті органдардың телефон нөмірлері көрсетілген жануарларды піштіру/зарарсыздандыру, аулау және адопция мәселелері жөніндегі ақпаратты қамтиды.
Қаланың барлық ауданындағы 75 мың үй, әсіресе қаңғыбас жануарлардың ең көп жиналуы байқалатын жеке сектор қамтылды.
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ
ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
4.1. Заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіру:
1. Келесілерге ұсыныстар мен толықтырулар енгізу:
- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне (ҚР ӘҚБК);
- «Ветеринария туралы» Заңына;
- Алматы қаласының «Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларына»;
- «Қараусыз қалған жануарларды аулау және жою қағидаларына»;
- Жануарларды санаттар бойынша тасымалдауға қатысты Жол қозғалысы ережелерінің тәртібін өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу.
2. Санаттар бойынша жануарларды есепке алу және олардың популяциясын бақылау регламентін әзірлеу;
3. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және бекіту;
4. «Алматы қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау қағидалары» әзірленді және бекітілді.
5. Алматы қаласының уақытша ұстау оқшаулағышы жұмысының регламентін жаңарту және бекіту.
4.2. Жануарларды ұстау мәдениетін арттыру:
- «Мейрімді қала» бастамашылық тобы өкілдерінің ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызмет» КМК қызметкерлерімен және Алматы қаласының паналарымен бірлесіп, заңнамамен белгіленген мерзімі өткеннен кейін агрессивті немесе талап етілмейтін жануарлар үшін олардың ізгілікті аулануы, адопциясы, эвтаназиясы бойынша ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
- жеке бизнес ұйымдарымен, өнеркәсіп нысандарымен жануарлар санын қысқарту бойынша қала саясатын түсіндірумен өзара іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, мұндай нысандардың аумағында қорғау функцияларын қамтамасыз ететін шартты-иесі бар жануарлар үшін СЖВЖ мәселелеріне («Мейрімді қала» бастамашылық тобының өкілдерімен, ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызмет» КМК қызметкерлерімен бірлесіп) жәрдемдесу.
- жануарлар өмірі мен қала денсаулығы үшін азаматтық жауапкершіліктің әлеуметтік жарнамасы;
- қараусыз қалған жануарлардың түйткілді мәселелерін ашық жария ету;
- ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызмет» КМК қызметкерлерімен, аудандық ветеринариялық инспекторлармен, зоологиялық қорғау және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, еріктілермен «Алматы қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары» және «Алматы қаласында қараусыз қалған жануарларды аулау және жою қағидалары» туралы «Мейрімді қала» бастамашылық тобының өкілдерімен ынтымақтастықта түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- жануарларды (асыл тұқымды иттер және мысықтармен қатар, паналардан табылған жануарларды) иеленудің бұқаралық мәдениетін қалыптастыру;
- 3 айлық жасқа толған барлық үй жануарларына міндетті түрде ветеринариялық алдын алу іс-шараларын (құтырмаға қарсы вакцинация, жануарларды бірдейлендіруді жүргізе отырып, эхинококкозға қарсы дегельминтизация) жүргізу;
- эпидемиологиялық қауіп кезеңінде аурулардың міндетті диагностикасы және ертерек алдын алу.
4.3. Жануарлардың (иттер мен мысықтардың) популяциясын ізгілікпен реттеу):
Чиптеу – 2024 жылға дейін 50 000 микрочип.
Чиптеу – бұл жануарларды (ауылшаруашылық жануарларын, иттерді, мысықтарды) электронды түрде бірдейлендіру. Бұл жануардың терісінің астына салынатын 15 таңбалы бірегей жеке нөмірі бар микрочип имплантациясы, ол жануармен бірге өмір бойы қалады.
- Иттер мен мысықтарды құтырмаға қарсы жыл сайын вакцинациялаумен қатар чиптеу жүргізу, сондай-ақ асылдандырумен айналысатын барлық ұйымдарға жануарларды чиптеуді міндеттеу;
аулау қызметі көшеде немесе иттер мен мысықтарды сатушылардан табылған микрочипі жоқ жануарды қаңғыбас деп танып, оларға тиісті шаралар қабылдайды;
- Алматы қаласының ветеринарлық клиникаларын микрочиптерді анықтауға арналған сканерінің болуын міндеттеу.
2024 жылға дейін 32 000 жануарды піштіру және зарарсыздандыру:
- иесі бар, бірақ ұйымдар мен зоологиялық питомниктердің, олардың жарғысында асыл тұқымды жануарлар өсіру бағдарламасын құрастыру бойынша қызметі жазылған асыл тұқымды бағдарламасына қатыспайтын жануарларды;
- жануарларды бақылаусыз көбейтудің алдын алу үшін салық салу және міндетті түрде бірдейлендірілген және зарарсыздандырылған әр күшікке немесе мысыққа (популяциясын әрі қарай дамытуға арналған асыл тұқымды малдардан басқа) төленетін жарналар туралы ұсыныс енгізу қажет.
- жануардың иесі болуға және ол ол үшін жауапкершілікте болу ниеті бар тұлғасы болған жағдайда, байланысы бар әлеуметтендірілген жануарлар (иттер мен мысықтар) үшін ОСВВ нақты стратегиялық науқанын (аулау-зарарсыздандыру-вакцинация-шығару) іске асыру;
- пана үйлері мен жануарларды ұстай тұратын және басқаға беретін орталықтардан жаңа иелеріне берілетін, шығу тегі бірыңғай деректер қорында анықталмаған қараусыз жануарлар, оларды жаңа иелеріне берген сәтке дейін чиптеу және зарарсыздандыру жолымен міндетті түрде бірдейлендіруге жатады.
Қараусыз қалған жануарларды аулау ізгілігі
- семинарлар, конференциялар, вебинарлар өткізу жолымен қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын ҚВҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен тұрақты түрде айналысу.
4.4. Инфрақұрылымды дамыту:
- ауланған қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау оқшаулағышымен ветеринариялық пунктінің құрылысы.
- коммерциялық емес зоологиялық қорғау ұйымдарымен бірлесіп, жануарларды ұстау тұру және жаңа иелеріне беру баспаналарын құру;
- қыдырту алаңдарын ұйымдастыруды ескере отырып, үй маңындағы аумақты, саябақтарды, шағын бақтарды көркейту жұмысын жалғастыру;
- қараусыз қалған жануарлар үшін азықтың әлеуетті көздері ретінде қоқыс жинау, тасымалдау және қайта өңдеу нысандарын бақылауға алу ;
- әзірленген KPI (тиімділіктің негізгі көрсеткіштері) бойынша ҚВҚ жұмысының тиімділігін бағалау жүйесі. Қаржылық шығындарды және сапалы нәтижелерді байланыстыратын KPI-ді анықтау. Негізгі көрсеткіштер келесідей:
- Адопция (жануарларды ескі немесе жаңа иелеріне беру) – санының жыл сайынғы артуымен негізгі KPI-дің бірі. Сыбайлас жемқорлық және қайта сату жайттарын болдырмау мақсатында орналастырылған жануарларды ұстау, орталықтың жұмыс уақытын қысқарту, «жоспар» көрсеткіштерін жұмысқа «шақыру бойынша» көрсеткіштерінен ығыстыру жағдайларына міндетті бақылау және мониторинг жүргізу;
- KPI жүйесінің нәтижелеріне сәйкес, персоналдың және оқшаулағыш пен ҚВҚ басшысының, олармен келісімшартты келесі кезеңге ұзарту бойынша бағалары түзілуі тиіс. Онлайн тәртібінде көрсетілім функциясымен негізгі орындарда бейнебақылау камераларын орнату жолымен жануарлардың келіп түсуін, түсірілуін, ұсталуын, берілуін, сондай-ақ олардың эвтаназиясын, сақталуын, ҚВҚ Қадағалау Кеңесі, КжИБ, Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесі өкілдерінің, Алматы қаласы әкімдігінің ақпарат алуын және оған деген қол жетімділікті бақылау үшін ҚВҚ жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету;
- ҚВҚ оқшаулағышын тарату, сондай-ақ білікті және ынталы мамандарды тарту жолымен қызметкерлердің кәсіби кадрлық құрамын құру. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу.
- ҚВҚ қаржы-шаруашылық қызметі мен ЖК шеңберінде ашық тыңдалым үлгісінде Жол Картасын іске асыру бойынша жыл сайынғы ашық есебінің тәжірибесін енгізу;
- ауланған (мораторий аяқталған кезде) қараусыз қалған жануарларды қауіпсіз тасымалдау үшін кемінде 8 автомобиль сатып алу;
- ҚВҚ әлеуметтік желілерінде мерзімдері, түрі, суреті, сипаттамасы, арналары, ауланған, жансыздандырылған және берілген жануарлардың ашық автоматты есепке алу жүйесі туралы ақпарат орналастыру регламенті;
- жергілікті полиция қызметімен, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерімен және ТКШ-мен өзара іс-қимыл жасау.
5. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Жол картасын іске асыру келесіде көрініс табатын болады:
- жануарлардың нақты санын анықтау;
- жануардың әр санаты үшін әзірленген нормативтік-құқықтық актілер;
- қараусыз қалған жануарлар санын 10 есеге ізгілікті түрде қысқарту;
- иттер мен мысықтардың шабуыл жасау және олар арқылы қауіпті аурулардың таралу тәуекелдерін 9 есеге азайту;
- жануарларға қатыгездікпен қарау бойынша өтініштердің санын азайту;
- жануарлар иелерінің жауапкершілік деңгейін арттыру және барлық үй жануарлары туралы ақпаратты жануарлардың бірыңғай тізіліміне біріктіру арқылы популяциясын бақылау;
- жоғалған үй жануарларын қайтару немесе жаңа иелерін табу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Жол картасын орындау өлшемдері келесі бақылау көрсеткіштері болып табылатын болады:
|
№ |
Көрсеткіштердің атауы |
Өлш. бірл. |
Жылдар |
|||
|
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
|||
|
1 |
Алматы қаласы жануарларының бірыңғай тізілімінде тіркелген және чиптелген иттер мен мысықтардың жылдық саны |
мың дана |
20 |
15 |
10 |
5 |
|
2 |
Жануарларды ұстай тұрумен айналысатын еріктілер және ҚВҚ ынтымақтастықта жұмыс істейтін жеке баспаналар саны |
адам |
12 |
12 |
12 |
12 |
|
3 |
Зарарсыздандырылған және піштірілген иттер мен мысықтардың жылдық саны |
мың дана |
8 |
8 |
8 |
8 |
|
4 |
1 жыл ішінде тіркелген және еріктілер арқылы ескі/жаңа иелеріне берілген, оның ішінде, баспаналардан берілген иттер мен мысықтарды қайтару пайызы |
% |
10 |
12 |
15 |
18 |
|
5 |
Ауруларына қарай, агрессивті міне-құлқының және эвтаназияға ұшыраған басқа да жайттардың себебінен жаңа иелерін таппаған, кәдеге жаратылған қараусыз қалған иттер мен мысықтардың саны |
мың дана |
10 |
8 |
5 |
3 |
|
6 |
Қараусыз қалған жануарлардың адамдарға шабуыл жасау жағдайларын азайту |
мың дана |
3 |
2,5 |
2 |
1,5 |
|
7 |
«Қалалық ветеринариялық қызмет» жұмысшыларының тарапынан жануарларға қатыгездікпен қарау мәселелері бойынша халық өтініштерінің саны |
өтініш |
10 |
7 |
5 |
3 |
Кесте бойынша ескертулер:
№1 жолда кестеде көрсетілген жыл ішінде ШЖҚ «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК және ветеринарлық емханалар арқылы қалада жыл сайынғы вакцинация жүргізу үдерісінде чиптелген және бір жыл бойы Алматы қаласы жануарларының бірыңғай тізіліміне енгізілген иттер мен мысықтардың саны көрсетілген. Чиптелген жануарлар санының негізгі өзгерісі мал басын есепке алудың бірыңғай қорына енгізілген жылға, яғни 2021 жылға сәйкес болуы тиіс. Әрі қарай жас жануарлар ғана чиптелетін болады.
№2 жолда кестеде көрсетілген жыл ішінде әкімдікпен ынтымақтастықта жұмыс істейтін еріктілер мен жеке паналардың саны көрсетілген. Жеке паналар мен еріктілердің саны әкімдікпен өзара іс-қимылдың кейінге қалдырылған нәтижесі ретінде жылдар бойынша бір деңгейде қалуы тиіс.
№3 жолда Алматы қаласында бір жыл ішінде зарарсыздандырылған және піштірілген иттер мен мысықтардың саны көрсетілген.
№4 жолда міндетті түрде зарарсыздандырылған және жаңа иесіне деректерді міндеттеуге болатын микрочип қойылған жаңа иелеріне берілетін жануарлардың саны көрсетілген. Аталған критерий қараусыз қалған, сондай-ақ тасталған жануарлар басының, оларды жаңа иелеріне беру есебінен азаюының көрсеткіші болып табылады.
№5 жолда бір жыл ішінде жойылған жануарлардың саны көрсетілген. Аталған критерий ауру және агрессивті қараусыз қалған жануарлар басының азаюымен тікелей байланысты және қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруының көрсеткіші болып табылады. Асыл тұқымды емес жануарларды есепке алу және міндетті зарарсыздандыру бағдарламасын, сондай-ақ немқұрайды иелеріне заңнамалық және нормативтік тетіктерді енгізумен бұл көрсеткіш төмендеуі тиіс.
№6 жолда қала аумағында адамдардың қауіпсіздігін анықтайтын негізгі көрсеткіш көрсетілген, ол төмендеуге баруы тиіс.
№7 жолда жануарларды аулау, тиеу, тасымалдау, түсіру, күтіп-ұстау және жансыздандыру барысында «Қалалық ветеринариялық қызметі» қызметкерлері тарапынан жануарларға қатыгездікпен қарау мәселелері бойынша халықтың өтініштерінің саны көрсетілген.
6. Кешенді іс-шаралар жоспары.
6.1. Заңнаманы жетілдіру
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне (ҚРӘҚБК) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жолдау |
2021 |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ |
|
2 |
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жолдау |
2022 |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ |
|
3 |
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жолдау |
2021 |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ |
|
4 |
«Алматы қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету» қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2021 |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ |
|
5 |
Адамгершілік қағидаттарына сүйене отырып, «Қараусыз қалған жануарларды аулау және жою» қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2021 |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ |
6.2. Жануарларды аулаудың, тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің, күтіп-ұстау сапасын жақсартудың және қайтарудың ізгілендіру барысы
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
ШЖҚ «ҚВҚ» КМК қаңғыбас жануарларды аулау бөлімінің ішкі регламентін жаңарту |
2021 |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ |
|
2 |
Семинарлар, шеберлік-кластар, халықаралық вебинарлар арқылы жаңадан қабылданған қызметкерлердің біліктілігі мен мәдениетін арттыру |
үнемі |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ |
|
3 |
Тозуына қарай, құралдарды бекемдеп байлап, тасымалдауға арналған өздігінен жабылатын торлардың гельді оқшаулағышы бар ілмектерін жаңарту |
үнемі |
ҚВҚ |
|
4 |
«Petcontrol» АЖ деректер қорына жануарлар туралы мәліметтер енгізе отырып, иесі бар және жаңа иелеріне қайтарылатын жануарлардың чиптеуін жүргізу |
үнемі |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ Petcontrol |
6.3. «Жер беті жануарлары кодексінің» ұсынымдарына сәйкес, халықаралық стандарттар шеңберінде ізгілікті сақтау мақсатында «Қалалық ветеринарлық қызметінің» жұмыс тиімділігін арттыру
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
ЖК шеңберінде ашық тыңдалымдар үлгісінде ҚВҚ қаржы-шаруашылық қызметі және Жол Картасын іске асыру бойынша жыл сайынғы ашық есебін жүргізу |
жылына 2 рет |
КжИБ, ҚВҚ БК |
|
2 |
Әзірленген KPI (тиімділіктің негізгі көрсеткіштері) бойынша ҚВҚ аулау бөлімі жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін әзірлеу |
үнемі |
ҚВҚ БК,КжИБ |
|
3 |
KPI жүйесінің қорытындысы және ҚВҚ оқшаулауғыш және аулау бөлімімен келесі кезеңге келісімшартты ұзарту жөніндегі ұсынымдары бойынша персоналды бағалау және басқару |
2021-2024 |
ҚВҚ БК |
6.4. Қала инфрақұрылымын ұйымдастыру
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
Ауланған қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстау оқшаулағышымен қалалық ветеринариялық пунктінің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу |
2021-2022 |
КжИБ, ҚЖжУБ, ЖТ |
|
2 |
Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ауланған қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстау оқшаулағышымен қалалық ветеринариялық пунктінің құрылысын салу |
2022-2023 |
ҚЖжУБ, ЖТ |
6.5. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
17 бірлік арнайы техника (аулау, ветеринариялық бөлім және мал қорымы үшін) сатып алуға бюджеттік тапсырыс енгізу |
2023 (3 жылға автокөлік сатып алуға мораторий жарияланған) |
ҚВҚ,КжИБ, СББ,ЖТ |
|
2 |
17 бірлік арнайы техниканың (8 бірлік тасымалдау, 8 бірлік ветеринариялық блок үшін, 1 эскаватор) мемлекеттік сатып алуын өткізу |
2023-2024 |
ҚВҚ,КжИБ, ЖТ |
6.6. Жануарларды ұстау мәдениетін арттыру
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
Халық арасында зарарсыздандыру, піштіру және чиптеу бағдарламасын популизациялау (парақшалар, билбордтар, бүктемелер) |
үнемі |
КжИБ |
|
2 |
ШЖҚ «ҚВҚ» КМК уақытша ұстау оқшаулағышында және қала паналарында ашық есік күнін өткізу |
жылына 2 рет |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ |
|
3 |
Паналармен, кинологиялық орталықтармен, еріктілермен және зоологиялық қорғау ұйымдарымен бірлесе отырып, «АДОПЦИЯ» жәрмеңкесін өткізу |
жыл сайын |
КжИБ, ҚВҚ, ЖТ |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар – қоса орындаушылар бойынша қысқартылған сөздердің толық жазылуы
ДЕХЭҰ – өкілдік демократия мен еркін нарықтық экономиканың, әлемнің 30 дамыған елдерінің қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы
ЮНЕСКО – білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі;
ЕО – Еуропалық одақ;
ҚВҚ – Қалалық ветеринариялық қызметі;
ҚВҚ БК – Қалалық ветеринарлық қызметі жанындағы Бақылау кеңесі;
ҚК – Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі;
ЖТ – Жұмыс тобы;
ҚСжАЕК – құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті;
СББ – Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы;
ЖҚОБ – Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы;
ҚДБ – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы;
ҚЖжУБ – Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы;
КжИБ – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы;
ПД – Алматы қаласы бойынша Полиция департаменті;
ТжҚСмҚБД – Алматы қаласы Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті;
ВЕ – Алматы қаласының Ветеринариялық емханалары;
ӘКК – «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ;
АЖ – «Алматы Жарнама» ЖШС;
МЖӘ – мемлекеттік-жеке әріптестік.