Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы
2 тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «____» _________ № ____
қаулысымен бекітілген
2024 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі
|
№ |
Ауылшаруашылық өнімінің атауы
|
Тереңдете өңделген өнімнің атауы |
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, (теңге/килограмм) |
|
1 |
Шикі сүт |
Қатты ірімшік |
65 |