Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы индустриалды-инновациялық даму бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

БЕКІТЕМІН

Алматы қаласы Кәсіпкерлік

және инвестициялар

басқармасының басшысы

____________________ Е.Оразалин

2020 жылғы «___» ________ № ___

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы индустриалды-инновациялық даму бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. Индустриалды-инновациялық дамубөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, бөлім қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бөлім қызметінің мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Басқарманың Ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді.

Дата публикации
28 августа 2020