Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қызмет көрсету саласы бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Алматы қаласы Кәсіпкерлік

және инвестициялар

басқармасы басшысының

2020 жылғы «____» __________

№ ____ бұйрығымен бекітілген

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы

қызмет көрсету саласы бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. Қызмет көрсету саласы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, бөлім қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бөлім қызметінің мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Басқарманың Ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді.

Дата публикации
27 августа 2020