Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Алматы қаласы Кәсіпкерлік

және инвестициялар

басқармасы басшысының

2020 жылғы «____» __________

№ ____ бұйрығымен бекітілген

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бөлім қызметінің мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ Ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді.

Дата публикации
27 августа 2020