Көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мемлекеттік қызмет көрсету мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, телефон 8 (727) 390 21 01 беріледі.
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, портал немесе қызмет берушінің құжат айналым бөлімі арқылы, жұмыс күндері беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналым бөлімінде тілкелуі (мөртабан,кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Шағымға көрсетілетін қызметті беруші қол қояды,онда оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жіберген шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша жауап көрсетілетін қызметті берушіге пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналым бөлімінде әдейі беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.