Алматы қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «1» маусым № 2/247 қаулысына
1 қосымша
«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Егер Басқарманың заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) кәсіпкерлік қызметті дамытуды қолдау;
2) инвестициялық ахуалды жақсарту – әкімшілік кедергілерді төмендету, ақпаратқа қолжетімділікті ұсыну, бизнес үшін қаржылық ресурстарға қолжетімділікті арттыру, инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, уәкілетті органдар қызметінің айқындылығы үшін цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шараларды іске асыру;
3) кәсіпкерлік инфрақұрылымын (Индустриалды аймақ, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «ИТП» АЭА), технопарктер, коворкинг орталықтары) дамыту;
4) жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған жобаларға инвестициялар тарту;
5) экономика салаларын әртараптандыру және нарықтың сыйымдылығын, оның ішінде туризмді дамыту есебінен арттыру;
6) халықтың әлеуметтік тобы үшін ішкі нарықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен молықтыру;
7) эпизоотиялық және санитариялық-ветеринариялық саулыққа және жануардан алынатын өнімнің қауіпсіздігіне қол жеткізу;
8) креативті индустриялар инфрақұрылымдарын дамыту және баламалы қаржыландыру көздері ретінде эндаунтмент қорларымен және краудфандингтік платформалармен бос уақытты өткізу мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестікті енгізу арқылы жеке инвестициялар мен қаржыландырудың балама көздерін тарту үшін жағдайлар жасау;
9) қаланың тартымдылығын арттыру, «ивент-брендтерді», креативті индустрия өнімдерін және оқиғалық туризмді өткізу және ілгерілету арқылы әлемдік кеңістікке интеграциялау;
10) Алматы қаласында креативті индустрияларды дамытудың тәуелсіз экономикалық болжамдарын әзірлеу;
11) гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және нығайту.
1) құқықтары:
Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;
Алматы қаласының әкіміне Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;
кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және ветеринарияны дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын және басқа да консультативтік-кеңесші органдарды құруға бастама жасау;
Басқармаға бөлінген қаражаттар шегінде Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат берілген бақылауды және хабарламалар бойынша бақылауды жүзеге асыру;
қала өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ Басқарма жүзеге асыратын өкілеттіктерге сәйкес өткізілетін кеңестерді, жәрмеңкелерді, көрмелерді, форумдарды ұйымдастыру және оларға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгіну;
өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
заңнаманың сақталмауының анықталған бұзушылықтарын жою бойынша шаралар қабылдау;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
1) Басқарма шегінде мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру және орындау;
2) Басқарма шегінде мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру;
3) Басқарманың құзыретіне жататын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мониторингін жүргізу;
4) кәсіпкерлік саласында Алматы қаласын дамыту үшін басым стратегиялық мақсаттарды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеуге және миссиялар мен міндеттерді іске асыруға қатысу;
5) қолданыстағы кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамытуда көмек көрсету және Алматы қаласының Индустриалды аймағы, «ИТП» АЭА, коворкинг орталықтары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, акселераторлар және т.б. секілді жаңа инфрақұрылым құру бойынша ұсыныстар енгізу;
6) арнайы аймақтар аумағында инвестициялық жобалардың уақтылы іске қосылуын бақылауды жүзеге асыру;
7) шығарылатын өнім түрлерін кеңейту бойынша кәсіпорындарға қолдау көрсету және Алматы қаласының Кәсіпкерлікті қолдау картасының шеңберінде өндірістің жаңа түрлерін игеру;
8) Басқарманың құзыретіне жататын бағыттар бойынша жобалық басқаруды іске асыруға қатысу;
9) Басқарманың құзыретінің шегінде сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
10) Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру;
11) инвесторларды қаланың инвестициялық мүмкіндіктері және ұсыныстары туралы, оның ішінде, интернет-ресурстар, БАҚ, тарату материалдары және т.б. арқылы ақпаратпен қамтамасыз ету;
12) әлеуетті инвесторлар үшін инвестицияларды қажет ететін жобаларды анықтау және тиісті құжаттардың дайындалуын қамтамасыз ету;
13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшіп келушілерге уақытша тұруға берілген рұқсаттардың қолданылу мерзімдерін ұзартуға немесе қысқартуға қолдаухат беру;
14) Алматы қаласы әкімдігінің консультативтік-кеңесші органдарды құру және оның жұмысын ұйымдастыруға қатысу;
15) құзыреті шегінде меншік нысанына қарамастан, сауда, оның ішінде, көтерме-бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, стационарлық және көшпелі сауда, нарықтардың қызметі, қызмет көрсету саласы мен тұрмыстық қызмет көрсету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
16) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
17) көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу;
18) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындау және бекіту;
19) белгіленген тәртіпте Алматы қаласының Азаматтық қорғанысы Сауда қызметінің жұмысын, Алматы қаласының Азаматтық қорғанысы Сауда қызметі туралы ережесімен белгіленген негізгі міндеттері мен функцияларын ұйымдастырады;
20) ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тұтыну нарықтарына қол жеткізуі және азық-түлік тауарларын өткізушілердің бәсекелестік ортасын кеңейту үшін (жәрмеңкелер, көрмелер және т.б.) қолайлы жағдайлар жасау;
21) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
22) азық-түлік қауіпсіздігінің, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағалары мен нарықтарының жағдайына мониторинг жүргізу;
23) кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша органдармен, ұйымдармен Меморандумдар (келісімдер) әзірлеу және жасасу;
24) қызметтің жекелеген түрлеріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беруге ұсынылатын өтініштерді қабылдау және қарау, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес қызметтің кейбір түрлерінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдау;
25) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады;
26) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызмет етуіне және оларды басқару тиімділігіне мониторингті ұйымдастыру және жүргізу;
27) акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) тапқан таза табысты бөлу және акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бөлігін) акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесін) жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен бастап, он күн ішінде аударуы туралы уақытында шешім қабылдау;
28) акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін жергілікті атқарушы орган белгілеген мөлшерде дивидендтерді (табысты) төлеуге жіберу үшін шаралар қабылдау;
29) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдар орналастыратын акциялардың төлемін және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша, сондай-ақ коммуналдық мүлікті, оның ішінде акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлесін салу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерін салуды жүзеге асырады;
30) жергілікті атқарушы органның атынан акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруда мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқығын жүзеге асыру;
33) акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесіне (байқау кеңесіне) сайлау үшін кандидатуралар ұсыну және жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамын қалыптастыру;
32) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күресу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету;
33) агроөнеркәсiптік кешен саласында мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
34) қала халқының денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау;
35) жануарларды аурудан қорғау және оларды емдеу;
36) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
37) қала бойынша эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
38) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру, олардың өлекселерін іріктеу;
39) мал қорымдарын ұстауды ұйымдастыру;
40) ауыл шаруашылығы және үй жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастыру;
41) қала аумағын басқа өңірлерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының келуінен және таралуынан қорғау;
42) карантин жариялау немесе алып тастау не шектеу іс-шаралары туралы әкімге ұсыныстар енгізу;
43) ауыл шаруашылығы (санитариялық аймақтардың шекараларын белгілеу) және үй жануарларын күтіп ұстау қағидаларын, қаңғыбас жануарларды аулау және жою қағидаларын әзірлеу және бекіту;
44) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
45) кәсіпкерлердің уәкілетті органдармен өзара іс-қимылына Басқарманың қатысуы;
46) әйелдерге менеджмент және кәсіпкерлік салаларында қолдау көрсету;
47) іс-шаралар (форумдар, көрмелер, семинарлар, кеңестер және т.б.) ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсету;
48) қаланың креативті индустрияларын танымал ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
49) креативті шығармашылық процестерді және креативті өндірістерді ынталандыру үшін шығармашылық кластерлермен, блогерлермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және стейкхолдерлермен ынтымақтастық;
50) креативті коворкинг-орталықтар, клубтар мен қоғамдастықтар, шығармашылық студиялар, ұжымдық шығармашылыққа арналған кеңістіктер, концерттік алаңдар, көрме кеңістіктерін және т.б. ашу үшін жағдайлар жасау;
51) шығармашылық өнімді ілгерілету және коммерцияландыру мақсатында шығармашылық жобаларды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ гранттық қолдау көрсету;
52) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;
53) көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру үшін ашықтық және есептілік қағидаттарында мемлекеттік қызметтер көрсету;
54) қызметтің тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, айқындылығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру;
55) Басқарма қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
56) Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін құжаттарды, өтініштерді қарау және олар бойынша тиісті жауаптар, ақпараттар мен талдамалық материалдар дайындау;
57) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауды жүзеге асырады;
58) Алматы қаласының аумағына сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған жиынтық өтінімдерді қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді;
59) сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияны құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
60) Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын уәкілетті органға ұсынады;
61) Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;
62) көмір базаларының қызметіне мониторинг жүргізу;
63) қаланың автомобильге май құю станциялары желілерінің қызметіне және қорларына, жанар-жағар май материалдарының бағасына мониторинг жүргізу;
64) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) өзінің орынбасарларының және Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Басқармада жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;
4) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады;
6) Басқарма құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
8) лицензиялау мәселелері жөніндегі, оның ішінде электронды нысандағы бұйрықтарға, сондай-ақ осыларға байланысты өзге де құжаттарға қол қояды;
9) өз өкілеттіктерінің шегінде бұйрықтар шығарады;
10) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы орнында болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын алмастыратын тұлға орындайды.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринариялық қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.