Бірінші. Инвестициялар
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 1029,2 млрд. теңгені құрады, НКИ 101,5% деңгейінде қалыптасты (ҚР – көлемі – 11641,1 млрд. теңге, НКИ – 112,1%).
Ішкі инвестициялардың көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының ішінде 895,2 млрд. теңгені, сыртқы инвестициялардың көлемі 134 млрд. теңгені құрады.
Кезең ішінде негізгі салымдар жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (457,9 млрд. теңге), көлік және қоймалау (143,3 млрд. теңге), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу (80,6 млрд теңге), қаржылық және сақтандыру қызметі (50,1 млрд. теңге) секілді салаларға салынды, олардың үлес салмағы 71,1%-ды құрады.
Сондай-ақ, тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 2023 жылдың I-жартыжылдығының ішінде 4097,3 млн. АҚШ долларын құрады, яғни өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ды құрады (2022 жылы 3 975,2 млн. АҚШ доллары).
Екінші. Өнеркәсіп
Өнеркәсіп жұмысының қорытындысы бойынша 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының ішінде 1464,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының деңгейімен салыстырғанда 121,1%-ды (ҚР – 104,4%) құрады.
НКИ 121%-ды (көлемі – 1264,3 млрд. теңге, үлесі – 86,3%) құраған өңдеу өнеркәсібінің саласы арасында өсім көлемі фармацевтикалық препараттар өндірісінде 24,3%-ға («СК Фармация» ұлттық компаниясының тапсырысына сәйкес үлесі – 1,3%), өзге де металл емес минералды өнімдерінің өндірісінде 6,5%-ға (Құрылыс ұйымдарының тауарлық бетонға, құрылыс ерітінділеріне берген тапсырысына сәйкес үлесі – 5,1%), дайын металл бұйымдарының өндірісінде 28,5%-ға (Құрылыс ұйымдарының қара металл мен алюминийден жасалатын есік және терезе блоктарына берген тапсырысына сәйкес үлесі – 2,5%), сондай-ақ табиғи су, ағынды суларды өңдеу, қалдықтарды жинау және өңдеу қызметі саласында байқалады.
Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында, бірінші кезекте, өнеркәсіптің машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсіптері және құрылыс материалдарының өндірісі секілді басым салаларын дамыту үшін құрылған және оларға арналған Алматы Индустриалды аймағы белсенді түрде дамуда.
8515 жұмыс орны құрыла отырып, сомасы 210,4 млрд. теңгені құрайтын барлығы 26 жоба іске асырылуда, оның ішінде:
Индустриялық аймақ аумағында 15 жоба (сомасы 186,7 млрд. теңге, жұмыс орны 7772), оның ішінде, 10 жоба және 5 шағын өнеркәсіптік парк іске асырылуда.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Индустриялық аймақта 585 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 9,6 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны, оның ішінде, 285 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 8,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жобаны (Алем Тынысы, Green Innovation 2030, БСФ, Ирригатор Казахстан, Telli Ondiris) және 300 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 1,3 млрд. теңгені құрайтын 3 шағын өнеркәсіптік парк (D&J Investments & Logistic, ADS Industries (2-кезең), «Mirus Company») жұмысын аяқтау жоспарланып отыр.
2024 жылы 4587 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 62,1 млрд. теңгені құрайтын 6 жобаны: «VALTHERM» (1-кезең), Розан Азия, Wildberries, Бағдар, QazaqPromStroy жобаларын және 2 шағын өнеркәсіптік парк: 1.«Промпарк», 2.«ALAESTATE» парктерін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2025 жылы 2,6 мың жұмыс орнын құра отырып, сомасы 115 млрд. теңгені құрайтын Changan, Chery, Haval жеңіл автомобильдерінің өндірісі бойынша мультибренд зауытын іске қосу жоспарланып отыр.
«ИТП» АЭА аумағында 743 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 23,8 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба, оның ішінде, медициналық техника мен бұйымдарының өндірісі бойынша 7 жоба («KYZAI», «А-Медикал» (Аксель және А), «JULDYZ KENAN Co.LTD», «МедПроФарм», «Технопроект-А», «Вива Фарм» және «Ordamed»), сондай-ақ ЦОД-ты қоса алғанда, электроника мен аспап құрастыру өндірісі бойынша 4 жоба («Kaspi Cloud», «Smart Alatau» (Eltex), «OISB Kazakhstan» (Малайзия) және «Doc Co. ltd») іске асырылуда.
Ағымдағы жылы «ИТП» АЭА-да RAWAK қуаты төмен жүйесінің инновациялық технологиясын қолдана отырып, электротехникалық жабдығының өндірісі бойынша 15 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 980 млн. теңгені құрайтын «OISB Kazakhstan» (Малайзия) зауытын іске қосу жоспарланып отыр.
2024 жылға 311 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 13,8 млрд. теңгені құрайтын 6 жобаны («Smart Alatau», «Kyzai», «МедПроФарм», «Технопроект-А», «Ordamed») іске қосу жоспарланып отыр.
2025 жылы 417 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 9 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны (А-Медикал, Juldyz Kenan Co. LTD, Вива Фарм, Doc Co. ltd) пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Үшінші. Сауда
Қала экономикасының негізгі саласы – сауда. НКИ 114,5%-ды құрайды.
«Сауда» саласы бойынша нақты көлемінің индексі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 114,5%-ды құрады.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының ішінде бөлшек сауда көлемі 4195 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына (салыстырмалы бағада) 106,5%-ды құрады.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының ішінде көтерме сауда көлемі 10713,8 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына (салыстырмалы бағада) 117,4%-ды құрады.
Алматы қаласында 60 базар жұмыс істейді, онда 38,8 мыңнан астам сауда және шамамен 65 мың жұмыс орындары бар.
22 базар толығымен жаңартылды, онда 10,7 мыңнан астам сауда және шамамен 10 мың жұмыс орындары бар.
19 базарда, оларды жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда:
- 12 базар бойынша құжаттар әзірлеу және жинау жұмыстары жүргізілуде;
- 7 базар бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстары басталды.
Қаржыландыру көздерін іздестірумен байланысты, 5 базарда, оларды жаңарту бойынша жұмыстар басталған жоқ.
Төртінші. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар (Ұлттық жоба, Қарапайым заттар экономикасы, АӨК, Алматы бизнес 2025, Жаң бизнес (Дамумен бірлескен бағдарлама) шеңберінде 2023 жылы 49,4 млрд. теңге мемлекет қаражаты бөлінді.
Ағымдағы жылдың 98 айының қорытындысы бойынша 156,8 млрд. теңге жалпы несие сомасын құрайтын шағын және орта бизнестің 1695 жобасы мақұлданды.
Анықтама үшін:
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба (бюджет 38,5 млрд. теңге (РБ – 30,4 млрд. теңге, ЖБ – 8,1 млрд. теңге);
субсидиялау – 36,3 млрд. теңге (РБ – 28,997 млн. теңге, ЖБ – 7 296 млн. теңге), 112,6 млрд. теңгенің 863 жобасы;
кепілдік беру – 1,7 млрд. теңге (РБ – 1 367 млн. теңге, ЖБ – 372 млн. теңге), 19,9 млрд. теңгенің 474 жобасы;
гранттар – 545 млн. теңге (РБ – 45 млн. теңге, ЖБ – 500 млн. теңге), 164 жоба.
2) Қарапайым заттар экономикасы (бюджет 7,9 млрд. теңге) – 14,7 млрд. теңгенің 10 жобасы;
3) Алматы бизнес 2025 (өткен жылдың қайтарылған қаражаттарының есебінен) – 4,8 млрд. теңгенің 117 жобасы;
«MFO «Almaty» ЖШС – 2,8 млрд. теңгенің 108 жобасы;
«AlmatyFinance» ЖШС – 2 млрд. теңгенің 9 жобасы.
4) Алматы бизнес (Даму) (бюджет – 8 млрд. теңге, оның ішінде, Жаңа бизнес (бюджет – 3 млрд. теңге (РБ – 2 млрд. теңге, ЖБ – 1 млрд. теңге) – 4,3 млрд. теңгенің 67 жобасы мақұлданды.
Бесінші. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру
2023 жылдың басынан бері Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 4,1%-ды (9 орын, ҚР – 3,3%) құрады.
Анықтама үшін: қырыққабат – 69,7%-ға, күріш – 49,6%-ға, сүт – 16,7%-ға, сәбіз – 13,2%-ға, жұмыртқа – 13%-ға, сары май – 11,9%-ға, макарон – 11,5%-ға, айран – 11,2%-ға, сиыр еті – 5,2%-ға, тұз – 4,3%-ға, ірімшік – 3,8%-ға, ұн – 2%-ға, құс еті – 1,1%-ға қымбаттады.
Қарақұмық жармасының бағасы – 40,4%-ға, күнбағыс майының бағасы – 24,1%-ға, қанттың бағасы – 11%-ға, картоптың бағасы – 11,3%-ға, пияздың бағасы 4,5%-ға төмендеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін, келесі шаралар қабылдануда:
«Форвардтық сатып алу» және «айналым қарызы» тетігінің шеңберінде, бөлінген 15 млрд. теңгенің 8 млрд. теңгесі 1-сұрыпты жұмыртқа («Когер» ЖШС 1 млрд. теңге және «Алсад Қазақстан» ЖШС 800 млн. теңге), әлеуметтік нан («Рузинан Астана» ЖШС 90 млн. теңге), сиыр етін өндірушілеріне («АсылЕт» ЖШС 110 млн. теңге), сондай-ақ Магнум сауда желісіне берілді.
Маусымаралық кезеңде көкөністің бағаларын тұрақтандыру үшін, 1 қыркүйектен бастап, «форвардтық сатып алу» шеңберінде 3,2 млрд. теңгеге сатып алынған 20 мың тонна көкөністі сату жүргізілуде, бағаларды бекіту кезеңі 2023 жылғы қыркүйектен бастап, 2024 жылдың сәуір айын қоса алғандағы кезең белгіленіп отыр.
Бұдан басқа, Жамбыл облысының өндірушілерімен 1 мың тонна пияз жеткізу жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
Нанның бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен 9,4 мың тонна астық жеткізу жөніндегі 3-жақты Меморандумға қол қойылды.
Қызылорда облысының ірі күріш өндірушісімен («AsylDan Trade» ЖШС) 2024 жылдың шілдесіне дейін қаланың сауда нысандарына 1 мың тонна өнім жеткізу жөніндегі шартқа қол қойылды, қосымша ретінде, «форвардтық сатып алу» шеңберінде, аталған өндірушіден тағы да 1 мың тонна күріш сатып алу мәселесі пысықталуда.
Қант бойынша «Алматы» ӘКК» АҚ, «Көксу қант зауыты және «КаИс Инвест» ЖШС арасындағы 3-жақты шарт шеңберінде, бекітілген бағамен (сөредегі бағасы бір келісі үшін 418 теңгеден аспайды) 3 мың тонна өнімді сату жүргізілуде.
Алтыншы. Креативті индустрияны дамыту
«Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бағдарламасы шеңберінде креативті индустрия мен IT-ді әрі қарай дамытудың қадамдары өңделді, атап айтқанда:
- Креативті индустрияны дамыту үшін инфрақұрылым қалыптастыру;
- Креативті индустриялардағы кәсіпкерлікті ынталандыру;
- Креативті индустрияны дамыту үшін білімді, дағдыны және құзыретті қалыптастыру және тарату.
2023 жылдың басынан бері шығармашылық кәсіпкерлікті қалыптастыру мақсатында, бұрынғы трамвай депосының негізінде жалпықалалық креативті кластерінің құрылысы бойынша жұмысы жалғасуда.
Бүгінде, «Almaty Creative Bureau» шығармашылық бірлестігі «Depo 22» креативті хабының жобалық шешімдеріне (Тұжырымдамаға) түзетулер жүргізуде. Өзгерістер шешімнің функционалдық мазмұнына әсер етті, креативті кластердің ауданын кеңейту (көгалдандыру) үшін қосымша ғимараттар мен құрылыстар көзделді. Тұжырымдамада «DEPO» жер учаскесінің ауданын кеңейту және мемлекеттік жер пайдаланушылардың үлесін арттыру көзделді.
Қол қойылған Меморандум шеңберінде, жеке инвестор әрі қарай мемлекеттік сараптамадан өту және бюджеттен қаражат бөлуге тапсырыс беру үшін жобалау-сметалық құжатын түзету бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Креативті индустрияны дамыту үшін грант беру тетігін енгізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта, «Almaty Business -2025» бағдарламасына өзгерістер енгізілуде.
Ағымдағы жылғы қарашада «Creative Central Asia» форумын өткізу жоспарланып отыр, оның міндеті креативті экономиканы құруда және дамытуда көмек көрсету, сондай-ақ креативті индустрия мен Алматы қаласының шығармашылық әлеуетін жариялау және дамыту болып табылады.
Ағымдағы жылғы қазанда форумды талқылау мақсатында, КИ өкілдерімен фасилитациялық сессия өткізілді.
Жетінші. Ветеринария
2023 жылы Алматы қаласының эпизоотиялық саулығын қамтамасыз ету шеңберінде, келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
Бруцеллез ауруына жүргізілген диагностикалық зерттеулер нәтижесінде, оң нәтиже көрсеткен 5 бас – ІҚМ анықталды.
2023 жылы ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қорында 2969 бас – ІҚМ, 1836 бас – ҰММ, 166 бас – шошқа, 1401 бас – жылқы, 14 бас – түйе, 20 бас – біртұяқтылар (пони) қамтылған.
Алматы қаласының аумағында қаңғыбас және қараусыз қалған жануарларды аулауды жүзеге асыратын 5 кезекші бригада (бір жүргізуші, аулау бойынша екі жұмысшы, 3 ветеринариялық дәрігер, 1 ветеринариялық фельдшер, күтіп-ұстау бойынша 3 жұмысшы, 3 күзетші) бар.
Бүгінгі күні, уақытша ұстау пунктінде ауланған иттерге арналған 400-ден астам вольер бар.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап, 15 мың жануарды қамтитын тегін чиптеу бағдарламасы іске қосылды.
Сондай-ақ, шамамен 9 мың жануарды қамтитын тегін піштіру бағдарламасы жалғасуда.