Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4 бабының 9-24) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қоғамдық тамақтану объектілерінің жанынан жазғы алаңдарды орнату қағидалары бекітілсін.
- «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.