Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы
1 тармағының 4-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.      2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналасқан жерлері
Дата публикации
05 декабря 2022