Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматы қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету Қағидасының жобасын (бұдан әрі – Қағида жобасы) әзірледі.
Қағида жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің Үлгілік қағидасы» бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін айқындайды.
Жобаны әзірлеу, оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келтіруге бағытталған.
Қағида жобасы қала аумағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған Қағида жобасын қабылдаудың тиімділігі Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының нормалары мен талаптарын ескере отырып, үй жануарлары иелерінің жауапкершілікпен қарауын көздейді.
Басшы: Б. Солтанбаев