Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы
1-тармағының 4-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін. 
  2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналасқан жерлері
Дата публикации
01 июля 2022