«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
  • Мекемені Алматы қаласының әділет органдарында қайта тіркеуді;
  • осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
  • осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мен «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы №1/90 қаулысының күші жойылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Әзірлеуші:

Алматы қаласы Кәсіпкерлік

және инвестициялар

басқармасының басшысы                                                                         Е. Оразалин

Келісушілер:

Алматы қаласы әкімінің орынбасары                                               Ә. Әбдіқадыров

Алматы қаласы әкімінің орынбасары                                                     М. Әзірбаев

Алматы қаласы әкімінің орынбасары                                                         А. Әмрин

Алматы қаласы әкімінің орынбасары                                                  А. Қырықбаев

Алматы қаласы әкімінің орынбасары                                                     Ә. Нүсіпова

Алматы қаласы әкімі

аппаратының басшысы                                                                         А. Нұрпейісов

Алматы қаласы әкімі аппараты

заң бөлімінің басшысы                                                                      Г. Мырзабекова

 

Таратылсын: 5 қабылдау бөлмесіне, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына (4 дана).

«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Дата публикации
29 апреля 2022