2021 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

ӘЭД

2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша экономиканың барлық салалары дамуының оң серпіні байқалады.

Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция көлемі қаңтар-желтоқсан айларында 15,1% өсіммен 1185,7 млрд.теңгені құрады (ҚР-103,5%).

Ішкі инвестициялар 1010,6 млрд. теңгені құрады (НКИ-114,3%,);

Сыртқы инвестициялар 175,1 млрд.теңгені немесе 119,6% - ды құрады.

Өнеркәсіп

2021 жылдың 12 айында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1381,5 млрд.теңгені құрады. НКИ-120,8%.

Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 124% (1167,5 млрд. теңге) құрады;

Машина жасау көлемінің өсуі 185,5% (394,4 млн. теңге)құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 109,1%(191,2 млрд. теңге)

Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 4 212,6 млрд.теңгені құрады, НКИ 113,5%.

Көтерме сауда тауар айналымы 11087,9 млрд.теңгені немесе 102,3% - ды құрады.

2021 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Дата публикации
04 февраля 2022