Алматы қаласында қолайлы бизнес ахуалды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 64-бабының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласы әкімінің 2019 жылғы 11 маусымдағы №51ө өкімімен Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің құрамы бекітілді.
Жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi Сараптама кеңесі өз қызметiн консультативтік-кеңес беру мәжілістерін өткiзу жолымен жүзеге асырады.
Аталған кеңес кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) жобаларын қарау, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде, әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.