Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-2) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
17-3) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.».
1) құрылтай құжатына енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарына хабарлауды;
2) осы қаулыны жариялау үшін қол қойылған күннен бастап, күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.